21:49 Тұлғалану толқындарында |
ТОЗАҚҚА ЛАЙЫҚТЫ ІС Бір күні аты әйгілі әулие кісі ьарынша жұпыны киініп, ауылды аралайды. Дүниесінің көптігімен аты шыққан бір байдың есігін қағып. «Алла ризалығы үшін бір үзім нан берсеңіз», - деп қайыр тілейді. Әлгі бай. «Саған бір үзім емес, бір түйір нан да бермеймін. Сен секілді жарлыларды бағу үшін еңбектеніп, тер төккенім жоқ», - деп ұрсып есігінен қуып жібереді. Байдың бұл әрекетін байқап қалған көршісі дереу жүгіріп келіп: «Сенен көмек сұраған кісінің кім екенің танымай қалғаның ұят болады ғой. Ол аты әйгілі пәленше деген әулие ғой», - дейді. Қатты қалескенін түсінген әлгі бай артынан жүгіріп барып: «Әміріңізге құлдық ұрайын. Сізді танымай қалдым. Бұл қателігімді қайтсем түзете аламын? Орнын нендей іспен жаба аламын», - дейді. Әулие кісі: «Ауылдың бәрін шақырып ас бергін», - дейді де ары қарай жүріп кетеді. Бай әулие айтқандай бүкіл ауылды шақырып, үлкен дастарқан жайып ас береді. Жұрт дән риза. «Сен ең жомарт жансың», «Сен нағыз халқын ойлайтын кең жүрек ізгі адамсың», «Сен Алла ризалығынан үміт еткен нағыз тақуасың» секілді сөздермен мақтап жатады. Сөз алған әулие сендер мақтап жатқан бұл кісі осындай көл-көсір дастарқан жайып, сіздерге ас беру арқылы тозаққа лайық іс жасады дейді. Жұрт аң-таң. Сәл кідірен әулие сөзді былай жалғастырады: «Алла ризалығы үшін бір үзім нан сұрап едім, «Сен секілді жарлыларды бағу үшін еңбектеніп, тер төккенім жоқ» деп қуып жібереді. Кейіннен менің атағым үшін осындай етіп дастарқан жайды. Сонда менің абырой-даңқымды Алланың ризашылығынан жоғары қойған бұл адамның ісі тозаққа лайық болмай ма?» - деп бәрінің есінде қалар ғибраттық сөз айтыпты. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |