21:08 Рухани-танымдық сүрлеулер |
Халқымыздың бұрыннан келе жатқан тәрбиелік сөздерінің біразы мынандай: Адамгершілікке, жалпы адамдық болмысқа, қарым-қатынастағы әрекеттерде жамау сияқты жараспайтын небір әдеттерден қашық бол. * * * Ата-анаңнан ешнәрсені жасырушы болма. Ойыңды оларға бүкпесіз айтуға үйрен. Ата-анаңды, еліңді қорға. * * * Уайым – жанның жегі құрты. Сондықтан уайымға салынбауға тырыс. Тез шешім қабылдауға дағдылан. «Тәуекел түбі жел қайық, өтесің де кетесің, Уайым түбі – тұңғиық, батасың да кетесің» деген бабалар. * * * Қай жерде болмасын өзіңнен үлкендерге ізет көрсетіп, жол бер, орын ұсын. Қарсы келме. Сәлем беруді ұмытпа. * * * Алдыңа мақсат қоя біл. Өзің ұнатқан іспен шұғылданған дұрыс. * * * Сөзінде тұрмайтын адамға жолама. Болашағыңа сен. * * * Жеке өмірңе байланысты мәселені қатысы жоқ адамдарға айту жөн болмайды. Бұл тәртіп қатаң сақталса, оңды болады. * * * Бағың байланып, бақытың қайтпасын десең, таңдайыңды қақпа. Саусағыңды сықырлатпа. Олай ету шайтанға қызмет еткенің. * * * Өсекшінің сөзіне мән бермеуді үйрен. Өсекшіге дос болдым дегенше, өміріңнен тыныштық кететіні ойыңда болсын. Болмашы мәселеге араласып, бас сұға беру жаман әдет. * * * Адамның айыбын оңашада өзіне жеке айтып түсіндіріп, түзу жолға түсуіне көмектесетін бол. * * * Өмірде шыншыл, табанды, әр қимылың өзгелерді таңғалдырардай батыл, әрі нық, қарапайым және жомарт бола білгенге не жетсін. * * * Зұлымдық жасау ойыңа кіріп те шықпайтын болсын. * * * Қонақпен еріп, құт келетіні, қонақтан қашқанан, құттың да қашатыны ойда болсын. Қонақ босағаны басып тұрмасын. * * * Жұмысқа құлшынысты арттырып, түйткілді істердің оңтайлы шешімін табу үшін, бос уақытты табиғат аясында өткізіп тұрған әсерлі нәтижелерге қол жеткізуге септігін тигізерін біліп жүр. * * * Шөбересінің алақанынан су ішкен ата мен әже бақилық өмірде жұмақтың төрінен орын алмақ. Әркімді сол жеткізсін! * * * Жақсы өнегелі адамдарға еліктеу жақсы қасиет екенін ұмытпа. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |