21:52
Рухани-танымдық сүрлеулер

Әр санға байланысты халықта қалыптасқан өзіндік ойлар мен мақсат-мағыналардың ерекшеліктері мынандай:

Әр сан номері адам өміріне әсері бары дәлелденген. Мысалы: қайталанып келетін 11, 22, 33, 44, 55 секілді пәтерде тұрсаңыз, ондай сандары бар үй өзгеше қасиеттерге ие, ерекше үй саналады.

Бір номерлі үй мен пәтер сенімді, өз қателіктері арқылы үйренуге тырысатын іскер адамадрға тән. Олар тазалықты қалайды.

Екінші номерлі үйде тұратындар спортшы немесе ғылым адамы болуы ғажап емес. Бұл үйде тұратындармен дауласу пайдасыз. Олар өте үнемшіл, жауапкершілікті, бір-біріне көмектесетінді ұнататындар.

Үш номерлі үйде тұратындар өзара түсіністік орнаған ақжарқын көңіл күй иелері. Олар дем алғанды, көңіл көтергенді жақсы көретін, шығармашылық ахуалдың салтанат құруын қалайтындар.

Төртінші номерлік үй мен пәтерде тұратындар ылғи кедергілерге тап келетіндер болуы мүмкін. Бірақ оларды төрт саны тұрақтылыққа жеткізіп, сенімділіктерін нығайтуларына септігін тигізеді.

Бесінші номер үнемі қозғалыс үстінде болатын, идеяларға сезім мен романтикаға мол шығармашылық тұлғалар мен саяхатшылар үшін өте қолайлы үй не пәтер. Жайбарақат асықпайтындарға орын болмас.

Алтышыдағылар сенім мен тұрақтылық үйлесім тапқан, сыр шертісіп, бөлісуге ыңғай беретін, көбінде үйде болуды қалайтындар.

Жетінші үйде тұратындар үнсіздік пен тыныштық, қиялға беріле ахуал кешетін, салмақты зерттеулер жүргізетіндер. Ойларына талдау жасау, ішкі әлеміне терең үңілгенді ұнататындар үшін қолайлы үй.

Сегізінші номерлі үй – ақыл парасатты, үнемшілдікті ұнататын, аса танымалдылықты қажет ететін адамдарға тән.

Тоғыз санды үйде тұратындар көмекке ұмтылып, біреудің қайғысына ортақтасуға орын табатын, ісін жарты жолда тастамайтын, қателіктерді ортаға салып, бөлісетін, жақсы жолдас бола алатындар.

Он бірінші үй тұрғындары үнемі қозғалыста, тынымсыз әрекетте жүріп, ойларын жүзеге асыруда түрлі нұсқалар ұсынып, білетіндерін үйрететін – мұғалім, шығармашылық кәсіп маманды жандар болады.

Номері 22-ші үйде қайырымдылық жасауға бейім, тыныштық пен қауіпсіздікке жағдай жасауға деген тілек күштілер тұрады.

Номері 33-ші үйде өте ашық, қонақжай, шаттығы мен қуанышы мол, кіреберісінен-ақ шуақ шашылған шұғылаға толы жандар тұрады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 6 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: