21:09 ҰБТ жолында |
ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТІН ЖАҚСАРТАТЫН ТАҒАМДАР Қара қарақат С дәрумені қара қарақаттың құрамында көптеп кездеседі. Миға әсері болғандықтан, бұл жемісті көбіне темекі шегетін адамдар тұтынады.
Мейіз Күніне 21 мейіз жеп отырсаң, есте сақтау қабілетіңді тез арттырады.
Тағамдардың бәрін тұтыну шарт емес, мүмкіндігіңе қарай барын тұрақты түрде қолдансаң, көп пайдасы болар еді. Оқушылардың ҰБТ-ға дайындық кезінде дұрыс тамақтануы өте маңызды. Кей балалар таңғы асқа қаты тойып алып, сабақ кезінде бар ойы асқазандағы тамақты қорыту болып кетеді, сосын сабаққа назарын шоғырландыра алмайды. Ал кейбір оқушылар керісінше. Мүлдем тамақ ішпей барады, олар да сабақ кезінде тамақты ойлап, қарыны шұрылдап отырады, сабақ жайында қалады. Кез келген тамақтану кезінде мына ережені ұстансаң, сенде жоғарыдағыдай проблемалар болмайды. Асқазанның үштен бірін тамаққа, үштен бірін суға, штен бірін ауаға толтырсаң, миың асқазанға «түсіп» кетпей, ешқандай проблема болмайды. Сабақ арасында алма, пірәндік сияқты жеңіл тағамдарды аз-аздан жеп отырсаң, өзіңді күні бойы сергек сезініп, энергияң да ойдағыдай болады. Кешкі асты аз ішкен дұрыс. Себебі таңертең ерте тұруың қиын болады және ұйқың дұрыс болмағандығы себепті, есте сақтау қабілетің нашарлап, сабаққа да зейінің азаяды. Оған жол беруге болмайды. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |