10:19 ҰБТ жолында |
ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТІН ЖАҚСАРТАТЫН ТАҒАМДАР Асқабақ дәні Асқабақ дәнінің құрамында цинк бар. Ол мидың жұмыс істеуін жақсартып, есте сақтау қабілетін арттырады. Күндік мөлшері 4-5 дәнек.
Грек жаңғағы Өзге жаңғақтармен салыстырғанда, грек жаңғағының құрамында Е дәрумені өте көп. Ал Е дәрумені миды түрлі аурулардан қорғайды. Күндік мөлшері 1-3 дәнек.
Қызанақ Қызанақ жеу арқылы өзіңді Альцгеймер ауруынан аман сақтап қала аласың. Сонымен қатар оның құрамында бос радикалдармен белсенді күресетін ликопин антиоксиданты бар. Күндік мөлшері 1-2 қызанақ, одан көп болса да еш нәрсе етпейді.
Какао Қара шоколадты тек тәттіқұмар балалар жемейді. Ол ересек адамдарға да пайдалы. Өйткені жүрек, қан тамыры аурулары үшін каконың пайдасы зор. Шоколадты есеп шығарардан бір-екі сағат бұрын жеген дұрыс және көп емес бір-екі квадрат көлемінде. Кейбір оқушылар көп жеп қойып, басы ауырып немесе жүрегі айнып жүреді.
Майлы балық Скумбрия, макрель, тунец, сардина секілді балықтарды анда-санда да жеп тұру керек. Бұл балықтардың құрамында кездесетін Омега-3 миды белсенді әрі жас күйінде сақтайды. Аптасына бір рет жеп тұрсаң да, пайдасы өте көп.
Брокколи Бұл қырыққабаттың құрамында К дәрумені көп. Ол адамның белсенді ойлауына пайдалы, артық салмақтан сақтайды және сергек жүруге көмектеседі.
Көк шай Көк шайдың құрамында катехин және тианин антиоксиданттары бар. Олар ми қызметін жақсартады. Организмге байланысты күніне бір кесе мнемесе екі күнде бір кесе ішкен дұрыс. (жалғасы бар) баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |