21:54 ҰБТ жолында |
ТЕСТ ЖАЗУ ТӘСІЛДЕРІ Деңгей бойынша талдау Сынақ тесті біткеннен кейін оқушыларымен қатемен жұмыс жасайтын. Сұрақтардың арасында өте оңай, физик болмаса да, кез келген адам жауап беретін сұрақтар болады, бірақ бала қате жіберген немесе белгілемеген. Себебін сұраған кезде, оқушылардан: - Ұстазым, оқу сауаттылығына көп отырып қалдым, сосын соңында физикаға уақытым жетпей, көбін көзді жұмып белгілеп кеттім; - Бір есеп шықпай, бүкіл уақытым соған кетті. Аяғында уақыт аз қалып, тез-тез белгілеймін деп, шатасып, қате белгілеп жіберіппін; - 4 пәнді орындап біткенде уақыт бітіп қалды, сол себепті белгілемедім; - Иә, оңай ғой. Бірақ асыққанда есептер шықпай қойды, - деген сияқты жауаптарды еститін. Бұл көп оқушыларда проблема. Егер бұл проблемалардан құтылғың келсе, төмендегі тәсілді дұрыстап есіңе сақтап ал. ҰБТ-дағы сұрақтардың өзіндік құрастырылу тәсілі бар. Жеңіл А деңгейіндегі сұрақтар – 50% Орта В деңгейлі сұрақтар – 30% Қиын С деңгейлі сұрақтар – 20% Сен де алдыңдағы тестті солай деңгейге бөліп ал: А деңгейі – сен өте жақсы білетін сұрақ, сен оны бір қарағаннан білесің, оған көп уақыт кетпейді – 60% В деңгейі – сәл ойлансаң, уақыт жұмсасаң, дұрыс жауабын таба алатын сұрақ – 25% С деңгейі – сен ол сұрақты бұрын көргенсің, бірақ есіңде жоқ немесе шамамен ғана білетін сұрақ – 12% D деңгейі – сен мүлдем білмейтін немесе мүлде көрмеген сұрақ – 3% Тестті бастаған кезде, барлық пәндердің А деңгейлі сұрақтарын тез-тез шешіп таста. Бір сұраққа ең көп дегенде 2 минут жұмса. Тесттің басына қайтадан барып, В деңгейлі сұрақтарға өт. Бір сұраққа ең көп дегенде 5 мин жұмса. В деңгейін біткеннен кейін, қиын С деңгейлі сұрақтарға өт. Бір сұраққа ең көп дегенде 10 минут жұмса. С деңгейін бітіргеннен кейін D деңгейлі білмейтін сұрақтарды бір қарап шық, мүмкін білетін бір-екі сұрақ шығып қалады. Ал қалған шығара алмаған сұрақтарыңды белгілемей-ақ қойсаң да болады немесе өтірік белгілесең де ұят емес. Тест шешудің тәсілдері көп, ал жоғарыда ол айтқан тәсілдер – алған біліміңді тест кезінде максималды қолданып көмектесетін ең керемет әдістер. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |