21:48
ҰБТ жолында

ТЕСТ ЖАЗУ ТӘСІЛДЕРІ

Қай пәннен бастаған дұрыс?

Жақсы көңіл-күй – жақсы нәтижелер тудырады

Жалпы бір нәрсені істеу кезінде көңіл-күй өте маңызды. Егер көңіл-күйің керемет болса, ондай тау қопарасың, шабытың ашылады. Керісінше болса, жерде бос жатқан жапырақты да көтере алмайтын халге түсесің. Сол үшін ең жақсы көретін, сұрақтарын қарап бастағанында керемет көңіл-күй сыйлайтын пәннен бастау керек. Ол әркімде әртүрлі болады: біреуде физика, біреуде тарих, басқасында оқу сауаттылығы... Кейбіреулер тарих пәнінен бастау керектігін айтады немесе кейбір мұғалімдер өз пәндерін бірінші жазу керек деп жатады, бұл дұрыс емес. Әр оқушы – бір-біріне ұқсамайтын жеке тұлға. Сондықтан сізге жақсы көңіл-күй сыйлайтын пәннен бастаған дұрыс.

 

3 айналым тәсілі

Кей оқушылар бір сұраққа қадалып алады және оған уақыттың біраз бөлігін жұмсайды да, сонысына көңіл-күйі түсіп кетеді. Егер сен білетін сұрағыңды ұмытып қалсаң немесе жауабы шықпай қойса, онда ол сұраққа уақыт жоғалтпай өтіп кетіп, басқа сұрақтарды, басқа пәндерді қарап, 5 минуттан кейін осыдан бұрын жауабын таба алмаған сұрағыңды қайта қара. Тағы да шықпаса, тағы бір рет сөйт. Кейде ойыңа қарапайым нәрселер келмей тұрады, осылай істесең ойыңа түсе қалуы мүмкін. Егер 3 рет қайталағанда шықпаса, ол сұрақты «білмеймін»-ге қалдыра сал. Ол сенің келесі сұрақтарға ойлануыңа ешқандай кедергі жасамасын.

 

Бірінші таңдағаның дұрысырақ

Егер  сен сұраққа қарағанда, жауабы А сияқты болып көрініп, екінші қарағанда В сияқты көрінсе немесе С сияқты болып көрінсе, онда ең бірінші таңдаған «А»-ны таңда. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, күмәнді сұрақтардың 60%-ында адамның алғашқы ойлаған жауабы дұрыс болып шығады екен. Егер тест көп жазып жүрген болсаң, бұл заңдылықты байқаған да боларсың.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 8 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: