21:24
Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз

* * *

“Кайдзен” әдісімен өнімділікті арттырудың 6 қадамы

Кайдзен әдісімен уақытты жоспарлау – бұл уақытты тиімді пайдалану әрі үнемі өзін-өзі жетілдіруге бағытталған жапондық әдіс. Ол кішкентай қадамдар арқылы үлкен өзгерістерге қол жеткізу қағидатына негізделген. Төменде Кайдзен әдісінің негізгі қағидалары мен уақытты басқару тәсілдерін ұсынамыз.

Кайдзен әдісінің негізгі қағидалары:

Шағын қадамдар жасау: Үлкен мақсаттарды кішігірім бөліктерге бөліңіз және оларды кезек-кезек орындаңыз.

Мысалы: Егер кітап оқу көрсеткішін арттырғыңыз келсе, күніне 10 бет оқуды мақсат етіңіз.

Тұрақтылық: Күнделікті әдеттерді жақсартуға аз да болса, тұрақты түрде уақыт бөліңіз.

Уақытты ұтымды жоспарлау: Қажетті тапсырмаларға басымдық беріп, жоспарларыңызды ретке келтіріңіз.

“Проблема = мүмкіндік” қағидасы: Уақытты дұрыс басқарудағы мәселелерді жаңа тәсілдерді енгізу мүмкіндігі ретінде қарастырыңыз.

Қайта қарап, оңтайландыру: Апта немесе ай соңында жоспарды талдап, қай тұстарды жақсартуға болатынын анықтаңыз.

Кайдзен әдісімен өнімділікті арттырудың қадамы:

1️ SMART Мақсаттарын қою

Мақсаттарыңыз нақты (Specific), өлшемді (Measurable), жетуге болатын (Achievable), маңызды (Relevant), және мерзімі шектеулі (Time-bound) болуы тиіс.

️Мысалы: “Келесі аптада жұмыс тапсырмаларына 5 сағат бөлу.”

2️ Күнделікті 1%-ға жақсару қағидасы

Күн сайын уақытты жоспарлау және орындау дағдыларын 1%-ға жақсартыңыз. Бұл ұсақ қадамдар ұзақ мерзімді нәтижеге әкеледі.

Тапсырма: Ертеңге арналған ең маңызды 3 тапсырманы жазыңыз.

️Нәтиже: Бұл сізді нақты басымдықтарды анықтауға және оларды мерзімінде орындауға үйретеді.

3️ “Әр мирутты жоспарлау” техникасы

Күнделікті уақытты нақты интервалдарға бөліңіз. Бұл “Pomodoro” техникасымен жақсы үйлеседі:

 • 25 минут – жұмыс,

 • 5 минут – үзіліс.

Мысалы: Таңертең 9:00-ден 12:00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істеп, әр сағат сайын 5-10 минуттық демалыс жасаңыз.

4️ Үздіксіз жетілдіру циклін пайдалану (PDCA)

Кайдзеннің негізгі циклы:

▪️P (Plan) – Күнделікті жоспар құрыңыз.

▪️D (Do) – Белгілі бір әрекеттерді орындаңыз.

▪️C (Check) – Тапсырмаларға уақыт жеткілікті болғанын тексеріңіз.

▪️A (Act) – Жоспарыңызды жақсартыңыз.

5️ Артық әрекеттерден бас тарту

Кайдзен “муда” (артықшылықтар) қағидасын ұсынады. Уақытыңызды “ұрлайтын” әрекеттерді анықтап, олардан бас тартыңыз.

Мысалы: Әлеуметтік желілерге көп уақыт жұмсауды қысқартып, оны оқуға немесе пайдалы жұмыспен айналысуға ауыстырыңыз.

6️ Уақыт журналын жүргізу

Уақытыңызды қалай пайдаланғаныңызды 1 апта бойы жазып шығыңыз. Бұл қай жерде артық уақыт кетіп жатқанын анықтауға мүмкіндік береді.

* * *

Жаңа кинолар хақында

"Мади in China” комедиясы. Қытайдан келген жас репатриант Мәди беделді ғылыми байқауға қатысу үшін Ұлттық университеттің шақыртуымен Қазақстанға келеді. Алайда жергілікті студенттер репатрианттарға теріс көзқарас танытып, оның мақсатына жетуіне кедергі келтіреді. Оған қоса әкесі де жоғалып кеткен туысын табуды өтінеді. Мәди іздеген адамының бұрынғы қылмыскер екенін білгенде, таңданып қалады. Осылайша ол екі қарама-қарсы әлемде өз жолын табуға тырысып, үлкен амбиция мен отбасылық міндеттеме арасында қалып қояды. Басты рөлдерде: Рамазан Амантай, Нұргүл Мыңғатова, Рүстем Жаныманов.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=iCQdso4wFnc

"Janym Qazaqstan" комедиясы. Арман кездейсоқ Түркиядан келген сүйкімді қыз Асияны кездестіреді. Амалсыздан Қазақстанға келген ару бір апта ішінде осы елдің әсем табиғатын түсіріп үлгеруі керек. Себебі оның қателігі кесірінен басқа елдердегі кадрлар бүлінген еді. Арман мұны біліп, алдау арқылы оның сеніміне кіреді. Өйткені Асияның көмегімен ол досына қарызын қайтара алады, ал досының қолдауынсыз Арман өміріндегі маңызды міндетті шеше алмайды. Алайда Асия Арманның бұл әрекетін түсіне ала ма? Өйткені оның жүрегі әлдеқашан осы қызға ғашық болып үлгергендей. Бір апта және бір қателік – бәрін өзгертуі мүмкін. Басты рөлдерде: Ілияс Көпжасаров, Әбілмансұр сері Ершов, Aydan hasanova.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=t73ZjO4EJH0

"Особо опасный пассажир" триллері. Авиация маршалы қылмыскерді шағын ұшақпен тасымалдау кезінде қиын жағдайға тап болады. Ол ұшқыштың өзін шын мәнінде кім екенін жасырып жүргенін сезіп қояды. Басты рөлдерде: Марк Уолберг, Мишель Докери. Жас рейтингі: 18+                                                                                          

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=Tvh5QqM9jrM

"Холоп. Великолепный век" комедиясы. Мете — Стамбұлдың ерке жігіті. Оның өмірі шексіз ойын-сауықтан, әкесінің ақшасын шашудан және жауапсыз әрекеттерден тұрады. Кезекті бассыздығынан кейін әкесінің шыдамы таусылып, ол шоктық әдістерді қолданатын психологтың көмегіне жүгінеді. Нәтижесінде Мете Осман империясының XVI ғасырына түсіп, Сұлтан Сүлеймен заманындағы бір бекзаттың сарайында атқорашы болып оянады. Басты рөлдерде: Мелис Сезен, Керем Бюрсин.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=92AAN56bCNo

"Боб Дилан: Никому не известный" өмірбаяндық драмасы. 1961 жылы 19 жастағы Боб Дилан Нью-Йоркке тек гитарасымен келеді. Бұл уақытта өнер иесін ешкім танымайтын еді. Басты рөлдерде: Тимоти Шаламет, Эдвард Нортон. Жас рейтингі: 16+                                                                                          

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=6_t9ZAByO2I

"На расстоянии удара" боевигі. Аты аңызға айналған жауынгер Майкл Риверс қоқан-лоқыға ұшырап, халықаралық турнирге қатысуға мәжбүр болады. Бұл турнирде тәжірибелі және қауіпті спортшылар бақ сынайды. Ол жеңіске жетуі тиіс, әйтпесе қызына қайтадан кездеспеу қаупі бар. Басты рөлдерде: Матис Ландвер, Маттиас Хьюз. Жас рейтингі: 18+                                                                                         

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=dHK1OpZpJlQ

"Заклятие. Новое поколение” қорқынышты фильмі. Жоғалған анасының қайда кеткенін түсінуге тырысқан Софи спиритикалық сеанс өткізуге шешім қабылдайды. Басты рөлдерде: Сара Хименес, Анхела Ареллано.Жас рейтингі: 18+                                                                                         

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=tZYMuvdVpok

"Присутствие" қорқынышты фильмі. Ребекка, Крис және олардың балалары Тайлер мен Хлоя — өз қиындықтарымен күресіп жүрген қарапайым отбасы. Жаңа үйге көшіп келгеннен кейін, олар құпия күштің бар екенін сезе бастайды. Басты рөлдерде: Люси Лью, Джулия Фокс. Жас рейтингі: 18+                                                                                          

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=fzBFLlBWpy0                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                             

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 40 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: