21:24
Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз

* * *

Өміріңізге жаңа серпіліс беретін 7 әдет

Өмірде кез келген адам өз биігін қалыптастыруды армандайды. Алайда оған бірі жетсе, бірі орта жолдан тоқтап, үмітін ерте үзеді. Ал табысты адам болу жолында оның зейнетіне жету үшін бейнетін де бастан кешіруге дайын болуыңыз керек. Ендеше бүгін өзіңіз қалаған жетістік шыңына жетіп, биік белесті бағындыруыңызға арналған жеті әдет жайлы сөз қозғаймыз.

1️ Кітап оқуды жаныңызға серік етіңіз

Кітап оқу арқылы сіз жаңа әлемнің есігін ашасыз. Сәйкесінше ойлау қабілетіңіз артады. Мейлі көркем әдеби, мейлі ғылыми кітап болсын оқуды әдетке айналдырыңыз. Ең маңыздысы оқыған ақпаратты өмірде кәдеге жарату.

2️ Жаңа технологиялар туралы біліңіз

Заманауи технологиялар кез келген сұрақтың жауабын шешуге көмектесіп, кез келген тығырықтан шығуға көмектеседі. Сондықтан жаңа технологиялар жайлы біле жүріңіз. Сіздің рухани тән саулығыңыздың кепілі.

3️ Медитация жасаңыз

Белгілі бір уақыт аралығында медитация жасауды әдетке айналдырыңыз. Бұл жаныңыз бен ойыңызды тазартатын рухани жаттығу. Егер күнделікті жасауға мүмкіндік болмаса, жексенбі күні 1-2 сағатыңызды медитацияға арнаңыз. Медитацияны тыныш жерде жасаңыз. Бұл уақытта сізді ешкім мазаламауы тиіс. Медитацияның көмегімен ашу-ызаны басқаруды үйреніп, өз сезімдеріңізді бақылауға аласыз.

4️ Қоғамға пайдаңыз тисін

Тек жеке пайдасын ойлаған адамның жетістікке жете бермейтіні түсінікті. Сол себепті, жақсылық пен мейірімділіктің артынан міндетті түрде шуақты күндер күтіп тұрғанын есіңізден шығармағайсыз. Біреуге қол ұшын созып, көмеккк асықсаңыз, табысыңыздың да артатыны сөзсіз.

5️ Кез келген жағдайға бейімделіңіз

Әрбір жағдайға түсінікпен қараңыз. Сіздің жоспарларыңыз кенеттен өзгеріп, келеңсіз жайттар немесе сіз күтпеген тосын сыйлар орын алуы мүмкін. Алайда қандай жағдай болса да сабырлық танытып, түсіністікпен қараңыз. Адамның басына сынақ кез келген уақытта түседі.

6️ Қалаған бағытыңызда әрекет етіңіз

Мақсат қою — 50% жетістікті құрайды. Бірақ тілектерімізді жүзеге асыру үшін нақты әрекет қажет. Сенімділікті қалыптастыруды кішкентай қадамдардан баста. Бірден үлкен, ауыр тапсырмаларға асықпа. Алдымен мақсатыңа жету жолын егжей-тегжейлі бақылап, сен үшін ең қарапайымынан баста.

Бірінші кезеңді аяқтағаннан кейін, жеткен жетістіктерің үшін өзіңді мадақта. Осылайша, келесі кезеңнің мақсаттарына өтесің. Мұндай әрекет өзіңе деген сенімділікті арттырады.

7️ Спортпен айналысыңыз

Жетістікке жетіп, үздік болудың тағы бір тәсілі – спорт. Адам дене жаттығуларымен айналысқан сәтте оның миында жаңа нейрондар байланысы түзіледі. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты әрі шыдамды болады. Денені шынықтырмай, спортпен шұғылданбайтын болсаң, өзіңді шаршаңқы сезініп, жалқаулық орын ала бастайды. Еш нәрсеге зауқың болмай берекетің қашады. Басың ауырып, әлсіздіктер пайда бола бастайды. Тіпті, тамақ ішуге де зауқың соқпайды. Өйткені ас қорытылмайды. Ұйқың да қашады.

* * *

Көшпенді қазақ экономикасы: Ұлы жібек жолы арқылы келген қымбат тауарлар жайлы не білеміз

Басқа елдер арасындағы сауда байланысы көшпенділер экономикасына айтарлықтай әсерін тигізді. Ұлы Жібжолының солтүстік тармағы Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу арқылы өтті. Мұнда Суяб, Тараз және Испиджаб қалалары арқылы өтетін бөлігі суреттеледі. Ал Испиджабта солтүстік-батыс жақтағы Фарабқа, Шауғарға және одан әрі Сырдарияның төменгі ағысы мен Орталық Қазақстан даласына кететін тармақтары шыққан. Сауда түрік аксүйектеріне едәуір пайда келтірді. Атап айтқанда, олар үшін қолға түскен олжаны сатуға мүмкіндік болды.

567 жылдың өзінде-ақ Иштеми-қағанның сауда ісін жолға қою үшін Иранға екі рет елші жібергені кездейсоқ емес. Елшілік табысқа жеткізбеді. Сонда қаған Византияға да елші жіберді. Бұл жолы елшілік сапар сәтті аяқталып, екі мемлекет арасында сауда-саясат одағы жасалды.

Осылайша Қытайдан жібек, қағаз, айналар әкелінді. Орта және Таяу Шығыстан, Византиядан Қытайға опа-далап, вавилон кілемдері, асыл тастар, інжу-маржандар, шыны, маталар апарылып отырды.

Ал соғдылықтар күміс бұйымдар, тұрлі түсті шынылар, дәрі-дәрмек және бояу заттарын, кілемдер шығарып, сатумен айналысты. Византиядан, Соғдыдан, Қытайдан және басқа елдерден шыққан әсемдік заттарының бір бөлігі түрік шонжарларының ордаларында, қала тұрғындарының үйлерінде қалып отыратын.

Көшпелілермен айырбас сауда Испиджаб, Отырар, Тараз, Суяб қалаларында жиналатын жәрмеңкелерде жүзеге асты. Жетісудың оңтүстік-батысында маңызды сауда орталыгы Тараз болды. Ол жөнінде деректемелерде «көпестер қаласы» деп айтылады. Шу аңғарында Суяб осындай қала болды. Онда «түрлі елдердің саудагерлері аралас тұрады», ал қала тұрғындарының жартысы көпестер еді.

Халықаралық және аймақаралық саудада Қытайда (Тан әулеті), Соғдыда, Шағада, Ферғанада, Бұхарада (штрифи үлгісіндегі) соғылған теңгелер пайдаланылды. VI - VIII ғасырларда Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда жаппай өз теңгелерін соғу басталды. Олардың бір бөлігі халықаралық және аймақаралық саудада қолданылса, басқалары жергілікті саудада ғана қолданылды.

* * *

  • & Шығыс айдары
  •  31 жастағы декреттегі ана ай сайын 1 млн теңге жинап жүр
  •   «Табыс & Шығыс» айдарында біз жасы, жынысы, мамандығы, тұрғылықты жері әртүрлі Қазақстан азаматтарының бір айда тапқан табысы мен шығынын есептейміз. Кіріс пен шығынды жатқа білу қаржылай сауатты арттырып, қарыздан құтылып, табысты болуға жетелейді. 
  •  ️ Сонымен, бүгінгі кейіпкеріміз – Асия Ибрахимқызы. Жасы 31-де, онлайн форматта адамдарға желі арқылы жеке брендін дамытып, қызметін сатуды үйретеді. Яғни, курс, марафон сату арқылы табыс тауып жүр. Сондай-ақ, ақылы жеке консультация береді. Қазір Алматы қаласында тұрады. 3 баланың анасы. Олардың біріншісі мектепте, екіншісі балабақшаға барса,кенжесі әлі жасқа толмаған. Жолдасы сату менеджері болып жұмыс істейді және қосымша онлайн дүкеннің иесі. Отбасының өз үйі және екі көлігі бар.
  •  Отбасының бір айдағы табысы:
  • сату арқылы – 2 000 000 теңге
  • табатыны –500 000 теңге
  • онлайн дүкен – 500 000 теңге
  • табыс – 3 000 000 теңге
  •   Отбасының бір айдағы шығыны:
  • кететін шығын – 200 000 теңге
  1. көліктің жанармайына - 100 000 теңге
  • шығындар – 30 000 теңге
  • төлемі– 100 000 теңге
  • күтуші-көмекшіге беретін ақысы – 290 000 теңге
  • бойынша көмекшіге – 150 000 теңге
  • мен өзінің күнделікті қалта шығындары – 100 000
  • тамақтануға – 100 000 теңге
  • - 100 000 теңге
  • стречинг және сән салонына – 60 000 теңге
  • сандық(құрбылармен касса ойыны) - 200 000 теңге
  • шығындар 100-200 мың теңге
  • қалатын ақша – 1 000 000  теңге
  • шығын – 1 500 000 теңге
  • айдағы сальдо – плюс 1 000 000 теңге
  •  
Просмотров: 33 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: