10:24 Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз |
* * * Табысты тұлға болудың 5 құпиясы 1️⃣ Айқын мақсат қою Табыстың алғашқы қадамы – өз мақсатыңызды нақты анықтау. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарларды құрып, оларға жету жолдарын анықтаңыз. Мақсаттар өлшемді, қол жеткізерлік, шынайы және уақытпен шектелген болуы тиіс. Мақсаттарыңызды анықтау үшін алдымен «Мен неге қол жеткізгім келеді?» және «Менің жетістігімнің өлшемі қандай?» деген сұрақтарға жауап беріңіз. Қысқа мерзімді жоспардан бастап, ұзақ мерзімді арманыңызға дейінгі кезеңдерді жүйелеп, әр қадамыңызды белгілеп отырыңыз. 2️⃣ Өзін-өзі дамыту Табысты адамдар үнемі оқиды, жаңалыққа құмар және өз саласында білікті маман болуға ұмтылады. Сондықтан өз салаңызда көшбасшы болу үшін трендтер мен өзгерістерден хабардар болып отырыңыз. Кітап оқу, курстарға қатысу және жаңа дағдыларды меңгеру – бұл жетістіктің негізі. 3️⃣ Жетістікке жету үшін еңбек ету Табыстың артында үлкен еңбек жатыр. Еңбекқорлық пен табандылық – кез келген жетістіктің кепілі. Қиындықтарға мойымаңыз, қайта оларды өсу мүмкіндігі деп қабылдаңыз. Көптеген танымал тұлғалар табысты болу үшін күнделікті қажырлы еңбек еткен. Әрекеттеріңізді жоспарлап, өз уақытыңызды тиімді ұйымдастырыңыз. Ерте тұру, басты міндеттерді орындау және артық заттарға алаңдамау – табысты болудың басты құпиясы. 4️⃣ Қарым-қатынас орнату Жақсы байланыстар – табыстың маңызды бөлігі. Айналаңыздағы адамдармен жылы қарым-қатынас орнатып, өзіңіздің құндылықтарыңыз бен мақсаттарыңызды ортаға сала біліңіз. Өз салаңыздағы мамандармен, тәжірибелі тұлғалармен қарым-қатынас құру арқылы жаңа мүмкіндіктерге жол ашасыз. Нетворкинг – тек танысу емес, бұл бірлескен жобалар, өзара көмек және идеялар алмасу. Сізді шабыттандыратын, мотивация беретін ортада болуға тырысыңыз. 5️⃣ Позитивті көзқарас және ішкі сенім Өмірге деген оң көзқарас табысыңызды арттырады. Тағдыр жолында түрлі қиындық кездеседі, бірақ оларды мүмкіндік ретінде қарастыру табысқа жетуге көмектеседі. Ішкі сеніміңізді нығайту үшін өткен жетістіктеріңізді еске алып, өзіңізді мақтаңыз. Қателеріңізді сабақ ретінде қабылдап, қиын сәттерде мотивацияңызды жоғалтпаңыз. Өзіңізге сеніңіз және әр қадамнан ләззат алыңыз. Табысты болу – күнделікті күш-жігердің және дұрыс әдеттердің нәтижесі. Бастысы – өзіңізді тану және дамытуды тоқтатпау. * * * Жаңа кинолар хақында "Жап-жас ата" комедиясы. Дархан бір кездері танымал әнші болған, ал қазір радио-шоудың табысты жүргізушісі. Оның тыныш әрі бойдақ өміріне кенеттен жас әйел баласымен бірге келіп, өзін оның қызы, ал баласын немересі деп таныстырады. Басты рөлдерде: Олжас Тоғымбет, Аида Құрманғалиева, Нұрсұлтан Жиенбай, Индира Сабирова. Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=fRqEsUplqyc "Karina" өмірбаяндық драмасы. Адам сенгісіз оқиға. Алайда шынайы оқиғаға негізделген. Мұнда өмір үшін күрес тарихы баяндалады. Басты рөлдерде: София Прибылых, Вячеслав Лавернов. Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=_CivF5gf8gU "Приключения Паддингтона 3" комедиясы. Паддингтон мен Браундар отбасы аюдың туған жері – Перуға аттанады! Бүкіл отбасы алып Амазонияның өзендері, ормандары мен асқар таулары арқылы қызық саяхатқа шығады. Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=MqevVZFen3Q "Плохая девочка" драмасы. Адамдарды басқаруға дағдыланған алпауыт компанияның басшысы Роми — жас интерн Самуэльдің ойыншығына айналады. Басты рөлдерде: Николь Кидман, Харрис Дикинсон. Жас рейтингі: 18+ Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=Gtw6TYG4kCI "Аларум" боевигі. Орталық барлау басқармасының (ЦРУ) бұрынғы құпия агенттері Джо мен Лора романтикалық демалыстарын аралда өткізуді шешеді. Басты рөлдерде: Сильвестр Сталлоне, Скотт Иствуд. Жас рейтингі: 18+ Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=9seCk_dhauk "Побег" триллері. Өмірлік қиын жағдайларға тап болған жас жігіт түрмеден пана іздеуге мәжбүр болады. Ол абақтыға түсу үшін қандай қадамдарға барады? Ал жағдай өзгерсе, түрмеден қалай шыға алады? Басты рөлдерде: Марио Касас, Анна Кастильо. Жас рейтингі: 18+ Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=gj7bFYQYk9A "TOMORROW X TOGETHER: Hyperfocus" фильм-концерті. Бұл концерт K-POP жанкүйерлері үшін ерекше сыйлық. Керемет әсерді сезінуге дайын болыңыз. Себебі 4DX реалистік эффектілері арқылы ұмытылмас сәттерді бастан өткересіз. Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=ivmrp6HEbtA "Партенопа" драмасы. Барлық жағынан мінсіз ару толыққанды өмір сүріп, ғашықтарын жиі ауыстырады. Тіпті қызғушылықтары да тұрақты болмайды. Тағдырдың еркесіне айналған арудың өмірін бір ғана оқиға тас-талқанын шығарады. Бауыры Рафаэль өз-өзіне қол жұмсап, әпкесінің даңқына тұншығады. Басты рөлдерде: Челесте Далла Порта, Стефания Сандрелли. Жас рейтингі: 16+ Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=Owa1M8JTlWk "Сверхъестественное. Разлом времени" фантастикасы. Жас ғалымдар ақыр заманды болдырмау үшін уақыт пен кеңістік арқылы қызық әрі қауіпті саяхатқа аттанады. Сөйтіп олар қорқынышты құбыжықтармен, алып мақұлықтармен және ғаламшарлықтармен шайқасуға тура келеді. Басты рөлдерде: Пола Тейлор, Питер Корп Дюрендал. Жас рейтингі: 18+ Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=kr2X1Kx87d8 “Вульфмен“ қорқынышты фильмі. Жыртқышқа айналған ер адам тұқым қуалайтын ежелгі қарғыстың зардабын тартуға мәжбүр. Ол ай сәулесі түскенде қанышер құбыжыққа айналады.Басты рөлдерде: Джулия Гарнер, Кристофер Эбботт. Жас рейтингі: 18+ Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=G-pyAuFkbHM "Клаустрофобы: Хижина в лесу" қорқынышты фильмі. Ақшаға қатты мұқтаж болған Алин екі досын бай отбасының үйін тонауға көндіреді. Басты рөлдерде: Мауди Эфросина, Адинда Томас. Жас рейтингі: 18+ Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=fZ2K4whaA3M баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |