БОЛАТТАЙ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК

Әлбетте, елі үшін аянбай еңбек еткен азаматты еске алу – сауапты іс. Күні кеше ғана ортамызда ойнап-күлген адамның енді арамызда жоқ екеніне еш сенгің-ақ келмейді. Бірақ, амал нешік, тағдырдың жазуы солай болса, көресің де көнесің екен. Өмірден озып кеткен адам туралы өткен шақта айту қаншалықты ауыр болса, ол жайында жазу да соншалықты зілдей ғой.

Тірі болса Болат Молдакәрімұлы алпыстың жетеуін бағындырар еді. Сұм ажал тіректей ағамызды биылғы жылдың шілдесінде алып тынды. Ауданымыздың білім саласы, оның ішінде дене шынықтыру және спорт жағы орны толмастай қайғыға душар болды. Апталдай тұлғаның орны ойсырап қалды.

1965 жылы Лебяжі орта мектебін тәмамдаған Молдакәрімұлы Болат 1966-1970 жылдары Павлодар педагогикалық институты дене шынықтыру факультетінде жоғары білім алған екен. 1970 жылы Лебяжі аудандық білім бөліміне қарасты Шарбақты орта мектебінде еңбек жол ... Читать дальше »

Просмотров: 1155 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 06/11/2014 | Комментарии (0)

КӘМИЛАНЫҢ ӘМБЕБАП ӘРЛІЛІГІ

  Жалғанда адамның адамдығы һәм азаматтығы халық қамы үшін жасаған қажырлы қайраткерлігімен, қажымас еңбегімен танылады әлбетте. Асылында, «өшпес ат пен өлмес хат» қалдырған жанда басқа арман жоқ қой.

Биыл Лебяжі ауданының құрылғанына жетпіс бес жылдың жүзі болғаны белгілі. Ал осынау мерейлі жылдар аралығында ауданға қарасты ауылдарда ерен еңбегімен көзге түсіп, даңқ-құрметке бөленген асыл азаматтар қаншама. Сондай жандардың бірі – Кәмила Өмірбайқызы Әмрина.

Өткен ғасырдың бел ортасында Лебяжі ауданы Шарбақты ауылына қарасты Төсағаш бөлімшесінде жұмысшы отбасында дүние есігін ашқан Кәмила 1957-1964 жылдарда сондағы Зор-Октябрь жеті жылдық мектебінде, ал 1964-1967 жылдары Шарбақты орта мектебінде оқыды. Жоғары сыныпта білім алып жүріп, аудан орталығындағы №93 Лебяжі ауылдық кәсіптік техникалық училищесі филиалының кешкі бөлімінде қатар оқып, ... Читать дальше »

Просмотров: 808 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 06/11/2014 | Комментарии (0)

АТА-АНАНЫҢ ҚАДІРІН БАЛАЛЫ БОЛҒАНДА БІЛЕРСІҢ

Күні кеше ғана Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінде жалпымектептік ата-аналар жиналысы өткізілді. Осынау маңызды шараға мектеп әкімшілігінен басқа Қызылағаш ауылдық округі әкімі Ж.Байтілеуова, Лебяжі аудандық ішкі істер бөлімінің кәмелет жасқа толмағандар істері жөнінен инспектор, полиция капитаны Б.Семенов және Бесқарағай ауылының сақшысы, полиция капитаны А.Байғожин қатысты.

Жиналысты тізгіндеген мектеп директоры А.Белгібаева жиналған ата-аналарға мектеп ережелері жайында тағы бір мәрте құлақдар етсе, оқу істері меңгерушісі Б.Ибраһим оқушылардың бірінші тоқсан қорытындылары бойынша мәтіндік есеп тапсырды, ал мектеп директорының тәрбие істері бойынша орынбасары Б.Мазанова тәрбие жағынан ақпарат берумен қатар мектеп жасындағы құқық бұзушылық жағына да әңгіме арнасын бұрды, мектеп психологі М.Жүрсінова өз кезегінде мектеп оқушыларының психологиялық хал-ахуалынан алды ... Читать дальше »

Просмотров: 816 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 06/11/2014 | Комментарии (0)