«ЖАЛЫН»  ЖАСТАРДЫ ЖАЛЫНДАТТЫ

Биылғы жылдың қыркүйегінің бел ортасында аудан орталығы Аққудағы «Нұр Отан» партиясының аудандық филилалы ғимаратында жастар бастамаларының аудандық «Жалын» орталығы салтанатты түрде ашылған болатын. Содан бері атаулы орталық өз тірлігін бастап, аяғына тік тұрды бүгін. Ауданға қарасты ауылдардағы жастар ісін, саясатын һәм жұмысын жандандыру мақсатымен ауылдарға сапарға да шыға бастады. Осынау ынтымақтастық ырысты мақсат еткен кешенді шара жуырда Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің мәжіліс залында жүзеге асырылды.

Аудан орталығынан ат терлетіп келген бір топ жастарды аудандық «Жалын» жастар орталығының директоры Ж.Садуақасова және аудандық Мәдениет үйінің мамандар бөлімінің маманы С.Омарова бастап келді. Ал Бесқарағай ауылынан аталмыш шараны ұйымдастыруда ауыл бойынша жастар саясаты бойынша инспектор Г.Сейітова қонақжайлылық танытты. Сонымен бір ... Читать дальше »

Просмотров: 770 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 16/11/2014 | Комментарии (0)