КӨШПЕЛІЛЕР ПӘЛСАПАСЫШЫ – АСАН ҚАЙҒЫ

Зерделесек, Асан қайғының тағы бір ныспысы – Асан Ата, халық оны әулие тұтады, ерекше жаратылған жан деп есептейді. Алайда Асан бейнесін аңыз мұнары басқан. Оның өмірі жайында бізге жеткен деректер тым аз. Асанның нақты қай жылы, қай жерде дүние салғаны белгісіз. Бір мәліметтерде Асан Ата қазіргі Өзбекстан жерінде Жиделі Байсында дүние салды делінеді. Енді бір аңыздарға қарағанда, Асан Ұлытаудың басында қайтыпты. Ал Шоқан «Асанның зираты Ыстықкөлдің маңында тұр» деп жазады. Ақынның қанша жасағаны да мәлімсіз. Халық аңызында ол – көпті көрген көне. Бір аңызда Асан – 95 жасқа келген қарт, енді бір аңызда «оның жасы 120-да еді» делінеді. Халық әңгімелерінде дана, ақылгөй адамның қашан да тұғырдан таюға айналған ақ сақалды қария етіліп көрсетілгені мәлім, сондықтан мұндай деректерді нақты деп қабылдай беруге де болмайды. Алайда Асанның шынында да ұзақ жасағанын бай ... Читать дальше »

Просмотров: 1510 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 02/11/2014 | Комментарии (0)

ЖЫРАУЛАР ЖАУҺАРЫ

Әлбетте, ордада ханның қасында әр уақытта ақылшы жыраулар болған. Жыраулар - халық поэзиясын жасаған ақылғөй даналар. Олар заманының өздері куә болған елеулі уақиғаларын, тарихи кезеңдерді жырға қосқан...

Жыраулар поэзиясына дейінгі әдебиет халык жасаған ауыз әдебиеті деп аталды. Жыраулар поэзиясы Қазақ хандығы құрылғаннан бастап (XV ғасыр) өріс алды. XV ғасырда Асан Қайғы, Казтуған жыраулар өмір сүрді.

Жырауларды халык, қадір тұтқан. Ел толқыған кезде, бүліншілік шыққанда немесе ел шетіне жау келғен кездерде ақыл, кеңес сұрайтын болған. Мұндай кезде жырау жұртшылықты абыржымауға шақырып, оларға күш-қуат беріп (дем беріп), істің немен тынатыны жайлы болжамдар айтып отырған. Жыраулар поэзиясы ХV-ХVII ғасырлар аралығын қамтиды.

Жырау деген атау "жыр" сөзінен шыққан. Жыршы деп көптеген эпостық жырларды жатқа білетін, дайын репертуары бар айтқыштарды таныған.

Жыраулар өз шығармаларын ақыл- ... Читать дальше »

Просмотров: 934 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 02/11/2014 | Комментарии (0)