ҚАЛДЫРҒАН ІЗІҢ МӘҢГІЛІК

            Әлбетте, «ұстаз» деген сөзде сансыз ұлылық та, таусылмас бұлақтайын жылылық та жатыр. Қисықтарды жөндейтін шеберлік те,тентектерді ақылмен емдейтін құдірет те осы сөзде. Асылы сол, ұстаздың бар байлығы – жеке өмірде қырандайын самғаған шәкірттері. Өскелең ұрпақты сапалы біліммен һәм саналы тәрбиемен сусындатып жүрген мұғалімдердің, тәрбиешілердің қайраткерлігінде ұлттық стратегиямыздың маңызды тетігі жатыр. Көлденең келіп қалған қиындықтарға қарамастан өз мамандығына деген шынайы берілгендігімен, асқақ сенімділігімен өміршеңдігін өрлетуде.

Жуырда аудан орталығы Аққудағы Мәдениет үйінде Ұстаздар күні құрметіне «Қалдыған ізің мәңгілік» атты салтанатты кеш ұйымдастырылды. Лебяжі аудандық білім бөліміне қарасты мектептерден, балабақшалардан жиналған педагогикалық қызметкерлер мерекелік шараның куәгерлері бол ... Читать дальше »

Просмотров: 1176 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 12/10/2014 | Комментарии (0)

АҚЫЛДЫ ҚАРИЯ – АҒЫНДЫ ДАРИЯ

Қазанның бірінші жұлдызында ұлан-байтақ елімізде халықаралық егде жастағы адамдар күні тағылым-ғибратқа толы түрліше шаралар өткізумен аталып келе жатқаны қашан. Зейнеткерлік құрметті демалысқа әлдеқашан шығып, үйде от-қазанды жаңартып, немере-жиен, шөбере-шөпшектің балдан да тәтті қылықтарына қызығып отырған қариялар да жылда бір-ақ рет келетін осынау мерекелік сәтті сағынышпен күтеді. Себебі сол – дәм-тұзды дастарқан басындағы жайлы отырыста орынды әзіл-қалжынның, келісті әңгіме-дүкеннің көбесі мейілінше сөгіледі. Сонымен қатар барсакелмеске кеткен жастық шақты еске түсіретін, елес боп өзіне шақыратын «көңілге түрлі ой салар жақсы әндер» шырқалады, арагідік биге ерік беріледі.

Бесқарағайда да ерен еңбектің шыңына шығып, шексіз құрмет-қадірге бөленіп жүрген егде жастағы жандар, Құдайға тәуба, баршылық. Алпыстың асқарына шығып, одан арықарай да барып қалған қарт-қариялар қатары да өсі ... Читать дальше »

Просмотров: 767 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 12/10/2014 | Комментарии (0)

ИНАБАТТЫ ИНДИРА

Мұғалім – барлық мамандықтардың қайнар бастауы. Ұстаздың ұлағатымен баянды болашағына жол тапқан жандардың жөні бөлек қой әлбетте. Сан жылдар жылжып өтсе де, өз мұғалімін бір елі де ұмытпайтын мейірімді сәттер қаншама десеңізші! Өз оқығанын шәкіртіне тоқытуда аянып қалмайтын ұстаздың басқа арманы бар ма!

Лебяжілік мұғалімдердің ішінде өзіндік іскерлігімен бірегейленетін тұлғаның бірі – Индира Қанағатқызы Серімова. Ұстаздық жолда бір қыдыру асулардан асып, белестерді бағындыруы - өкшелеп келе жатқан жас әріптестеріне қашанда үлгі.

Осыдан қырық жыл бұрын кіндік қаны Павлодар облысына қарасты Шарбақты ауылында тамған екен. Жалпы орта білім курсын тәмамдағаннан соң, бірден Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақстан Ұлттық мемлекеттік университетіне түсіп, 1996 жылы химия факультетін аяқтады. Ал араға екі жыл салып аталмыш жоғары оқу орнының магистратурасын тәмамдап, экология магистрі ғылыми дәрежесін иемден ... Читать дальше »

Просмотров: 818 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 12/10/2014 | Комментарии (0)

ҰСТАЗДЫҢ ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЛЫҒЫ

 

Ұстаз алдын көрген шәкірт берекелі,

Жалғанның әр сәтінде мерекелі.

Қайда болсын, қайда жүрсін – түбінде,

Жанына жақын оған туған елі.

 

Ұстазы талмай айтты ақыл оған,

Бөгет емес кесе-көлденең ешбір тоған.

Асу-белес бағынады өздігінен,

Мұғалімнің оқуымен жадырап жан.

 

Ұстазы тартынбады, аянбады,

Өміршеңдік гүлдетті жүрек-жанды.

Түлек болып қанат қақты ұясынан,

Алған ақыл жалғады таңға таңды.

 

Ұстазы білім түбін аралатты,

Бағыттады, сараптай саралатты.

Асылға толы қорж ... Читать дальше »

Просмотров: 638 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 12/10/2014 | Комментарии (0)