12:35
Шығармашылық шиырлары

ҰСТАЗДЫҢ ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЛЫҒЫ

 

Ұстаз алдын көрген шәкірт берекелі,

Жалғанның әр сәтінде мерекелі.

Қайда болсын, қайда жүрсін – түбінде,

Жанына жақын оған туған елі.

 

Ұстазы талмай айтты ақыл оған,

Бөгет емес кесе-көлденең ешбір тоған.

Асу-белес бағынады өздігінен,

Мұғалімнің оқуымен жадырап жан.

 

Ұстазы тартынбады, аянбады,

Өміршеңдік гүлдетті жүрек-жанды.

Түлек болып қанат қақты ұясынан,

Алған ақыл жалғады таңға таңды.

 

Ұстазы білім түбін аралатты,

Бағыттады, сараптай саралатты.

Асылға толы қоржынды асып алып,

Қисыны қиын жеке өмірге ол аттанды.

 

Ұстазы мейірім төгіп, жарқындады,

Шәкірт ойын зерделеді, мақұлдады.

Тіледі жатпай-тұрмай өрге басуын,

Тоқуменен жалындады, ұшқындады.

 

Ұстазын ұмытпады жылдар өте,

Ұстазынан ол көрмеді ешбір қате.

Үйренгенін үйлесімді үлестіріп,

Өмірдің асқарына шықты міне.

 

Ұстаздардың ұлағатын ұмытпаңдар,

Өнегесін сары майдай бек сақтаңдар.

Дүниенің төрт бұрышын кезсеңдер де,

Үкілеген тілек-үмітің тек ақтаңдар.

 

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ[i]

Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Бесқарағай  ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

 

[i] Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі, №3741-мүшелік билет

Просмотров: 639 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: