12:36
Жаныңда жүр жақсы адам

ИНАБАТТЫ ИНДИРА

Мұғалім – барлық мамандықтардың қайнар бастауы. Ұстаздың ұлағатымен баянды болашағына жол тапқан жандардың жөні бөлек қой әлбетте. Сан жылдар жылжып өтсе де, өз мұғалімін бір елі де ұмытпайтын мейірімді сәттер қаншама десеңізші! Өз оқығанын шәкіртіне тоқытуда аянып қалмайтын ұстаздың басқа арманы бар ма!

Лебяжілік мұғалімдердің ішінде өзіндік іскерлігімен бірегейленетін тұлғаның бірі – Индира Қанағатқызы Серімова. Ұстаздық жолда бір қыдыру асулардан асып, белестерді бағындыруы - өкшелеп келе жатқан жас әріптестеріне қашанда үлгі.

Осыдан қырық жыл бұрын кіндік қаны Павлодар облысына қарасты Шарбақты ауылында тамған екен. Жалпы орта білім курсын тәмамдағаннан соң, бірден Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақстан Ұлттық мемлекеттік университетіне түсіп, 1996 жылы химия факультетін аяқтады. Ал араға екі жыл салып аталмыш жоғары оқу орнының магистратурасын тәмамдап, экология магистрі ғылыми дәрежесін иемденді. Он алты жылдық педагогикалық еңбек өтілінде химия пәні мұғалімі болумен қатар табақтай төрт жыл бойы Лебяжі жалпыорта білім беретін мектебінде инновация істері бойынша меңгеруші лауазымдық қызметін абыроймен атқарды.

Қызығы мол ұстаздық айдынында қол жеткізген жетістіктері де көз қуантарлық. Айталық, 2004 – 2014 жылдар аралығында оқу жылының басты сырттай сынағы Ұлттық бірыңғай тестілеуге оқушыларды кәсіптік пән ретінде химиядан дайындап, ұдайы жүз пайыздық сапамен әйгіленді. Сонымен қатар 2013 жылы Астанада өткен «Менің педагогикалық мамандығым» атты І Халықаралық педагогикалық шеберлік байқауында ІІ дәрежелі дипломмен, 2014 жылы Павлодар облысының білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін аймақтық білім басқармасының Алғыс хатымен салтанатты түрде марапатталды. Ол ол ма, өзі дайындаған 8 сынып оқушысы Б.Нұрлан 2013 жылы химия пәнінен ІІІ облыстық жасөспірімдер олимпиадасына қатысса, ал 2014 жылы химия пәнінен облыстық сырттай олимпиаданың ІІІ дәрежелі дипломына ие болды.

 Сүйікті кәсібіне деген белсенділігі арқасында жауапкершілікті сенімді серік етіп жүрген Индира Қанағатқызы мамандық шеберлігі машықтанған Лебяжі жалпы орта білім беретін мектебінде ғана емес, аудан орталығынан шығысқа қарайон шақырымдық жерде орын тепкен Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінде де жоғары сынып оқушыларына химия пәнін меңгертуде бойда бар барлық іскерлік қуат-жігерін төгуде еш аянып қалмауда.

Нағыз кәсіпқой маман ретінде жылдар бойы жинаған тәжірибесін таратуда ештеңені бүгіп қалмай, іскерліктің барлық тетігін қосу үшін үйрететін ынтасы да өзгелерді өзіне ынталандырады.

Өзі де бала сүйіп, мерейлі отбасының өнегелі отанасы болып табылатын Индираны айналасындағы шәкірттері «апайлап» құрмет-қошеметке бөлеуде. Сабақтарын қызыққа толы әдістермен сәтті сабақтайтын пән мұғалімі қашанда өмірге деген құштарлығымен, ақжарқындылығымен, қарапайым адамгершілігімен айналаны бірден баурап алады.

Осы күндері сонау Алматы шаһарында «Өрлеу» Ұлттық біліктілік арттыру ортағы ұйымдастырып отырған жаңа үлгідегі үш айлық біліктілік арттыру курстарының пән мұғалімдеріне арналған екінші деңгейінде біліктілігін шындап жүрген жоғары санатты химия пәні мұғалімі Индира Қанағатқызына сынақтардан сүрінбей өтіп, шеберлігін растайтын арнайы Сертификатқа қол жеткізуге тілеулестігімізді білдіреміз.

Осынау  ұстаздың алдын көрген шәкірттер жүрген-тұрған жерлерінде сүйікті мұғалімінің есімін мақтанышпен аспандататыны тайға таңба басқандай анық қой. Олай болса, мұғалімдердің мәртебесін ұлықтауда да қарапайым адаргершіліктің таптырмас үлгісі бар.       

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ[i]

Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

 

[i] Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі, №3741-мүшелік билет

Просмотров: 819 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: