БАСЫМДЫҒЫ БАЯНДЫ БЕЛЕС

Жақында Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясының Лебяжі аудандық филиалына қарасты «Бесқарағай» бастауыш партия ұйымының есептік-сайлау жиналысы ұйымдасқан түрде өткізілді. Оның жұмысына аудандық партия филиалының саясибюросынан Лебяжі аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры А.Абилова арнайы қатысты. Жиналысты «Бесқарағай» бастауыш партия ұйымының төрайымы әрі Қызылағаш ауылдық округінің әкімі Ж.Байтілеуова тізгіндеді.

Есептік-сайлау жиналысының күн тәртібіне соңғы екі жылда атқарылған партия жұмысының есебі, бастауыш партия ұйымының саясибюросының жаңа құрамын сайлау һәм қараша айына жоспарланып отырған аудандық филиалдың саясибюросы өткізгелі отырған аудандық конференцияға делегаттарды сайлау шығарылды.

Бірінші сұрақ бойынша сөз алған Жанат Шоқанқызы «Бесқарағай» бастауыш партия ұйымының соңғы екі жылда ат ... Читать дальше »

Просмотров: 1553 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 27/10/2014 | Комментарии (0)

ЖЕР ЖАННАТЫНЫҢ ЖАНАТЫ

Жер жаһанда басқарушылық іскерлігімен әлдеқашан танылып жүрген аяулы жандар аз емес. Гендерлік саясаттың бүгінгі таңдағы әлеуеті әлемдік үдерісте аспандауда. Тұтастай бір мемемлекетті ұршықша иіріп, кәсіби іскерлік таныта басқарып отырған президент әйелдер қаншама. Сонымен бірге үкіметтік аппаратта министрлік портфельге ие болып жүрген аяулылар да бар ғой. Біздің елімізде де гендерлік саясат сәт сайын өршуде. Лебяжі ауданына қарасты Қызылғаш ауылдық округінде әкім болып отырған Жанат Шоқанқызы Байтілеуова осынау жауапты лауазымдық қызметке кіріскеніне бір жылдан міне-міне асып отыр. Сұхбаттасу кезінде ауылдың бүгінгі ахуалынан сыр тарқатты.

 

Жанат Шоқанқызы, Қызылағаш ауылдық округінің қазіргі хал-ахуалы қандай?

Сұраққа жауап бермес бұрын Қызылағаш ауылдық округі әкімі аппаратының басты мақсатына тоқталып кетейін. Елбасының «Қазақстан – 2050&raq ... Читать дальше »

Просмотров: 796 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 27/10/2014 | Комментарии (0)

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ҚАЙНАРЫ ТАРИХЫ һәм ЗЕРТТЕЛУІ

Әлбетте, әдебиет өмір шындығының көркем бейнесі десек, әдебиет тарихы да халық тарихымен тығыз байланысты. Еліміздің рухани өмірінің жарқын көрінісі, елеулі бір саласы ретінде көркем сөз өнері ел тарихымен бірге қалыптасып дамыды. Адам санасы, ой-өрісі мыңдаған жылдар бойы жетілетін тарихи құбылыс екендігін ескерсек, әдебиет адамзат тарихындағы көркем ой жетістіктерінің бірі екендігі даусыз ақиқат.

Зерделесек, қазақ халқының қалыптасуына негіз болған ертедегі темір дәуіріндегі (б.з.д. VІ-VІІ ғ.ғ.) сақ, ғұн, үйсін, қаңлы тайпалары, б.з. ертедегі орта ғасырлық мемлекеттер тұсындағы қарлұқ, оғыз, қимақ тайпалары, дамыған орта ғасырлық мемлекеттер кезіндегі наймандар, керейіттер, жалайырлар, қыпшақтар тарихы мыңдаған жылдарға созылғандығын назарға алсақ, қазақ әдебиетінің тарихы да бұрынғы кеңес кезіндегідей XV ғасырдан емес, одан арғы дәуірден – көне заманнан басталады. Сол себепті ұлттық ... Читать дальше »

Просмотров: 3121 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 27/10/2014 | Комментарии (0)