11:10
Жетістіктің жүз қадамы

99-ҚАДАМ: ӨМІР ТҮРЛІ ТҮСТІ. ТҮСТЕРДІ БІЗ ӨЗІМІЗ ТАҢДАЙМЫЗ

Өмір түрлі түсті. Түстерді біз өзіміз таңдаймыз. Шыныменде түстерді біз өзіміз таңдаймыз. Тек жақсы түстерді өзімізге алсақ та болады, керісінше адамға зиян тигізетін дүниелерді де таңдап та жатамыз. Жақсы дүниелерді бойымызға игеру, өзіміздің қолымызда. Олар салауатты өмір салтын ұстану, білім жинау, рухани жан дүниемізді жаңғырту, материалдық жағдайымызды дұрыстау деген сияқты, адамға пайдасын беретін дүниелерді өзіміз таңдаймыз. Бізге мынандай бейбіт елде біреу келіп жақсы дүниелерді игеруімізге кедергі жасап жатқан жоқ. Бәрі де өзіміздің таңдауымызда. Мысалы, әлеуметтік желілерді алайық. Дұрысыан қарасақ, бізге берер пайдасы өте көп. Салауатты өмір салтын ұстану жайлы анықтамалар әлеуметтік желілерде толып жатыр. Білім жинаймын десеңіз де әлемге танымал тұлғалардың бейнежазбалы сабақтары, аудио сабақтары да жетерлік. Қалаған салаңыз бойынша білім игеруге мүмкіндігіміз бар. Кәсібімізге жарнама арқылы пайдалансақ та болады. Әлеуметтік желіден ақша тапсақ та болады. Тек сол табу жолындағы жұмысын дұрыс атқарсаңыз болғаны. Айта берсек адамға берер пайда мол.

Ал әлеуметтік желіге кері көзқараспен қарасақ та, адамға тигізер зияны баршылық. Олар көздің нашарлауы, аз қимылдау, адамға зиянын тигізетін бейнежазбаларды қарау, адамның психикасын бұзу, уақытын алу деген сияқты зиянды жақтарын да айтып кетуге болады. Бірақ әлеуметтік желінің пайдалы я зиянды жақтарын біз өзіміз таңдаймыз ғой. Көзді құртпас үшін арнайы көзілдірікті пайдалансақ, көзіміз нашарламайды, зиян тигізетін бейнежазбаларды қарау-қарамау біздің өзіміздің қолымызда, шамадан тыс көп пайдаланбай, зиянын тигізетін материалдарды қарамасақ, психикамыз бұзылмайды.

Өмірде неше түрлі дүниелер бар болғандықтан, олардың адамға пайдалы жақтары да, керісінше зиянды жақтары да баршылық. Бастысы өзімізге пайдалы жақтарын ала білсек болғаны.

Егер сіз адамға пайдасын беретін істермен айналысып жатсаңыз, онда таңдауыңыз сол болғаны. Мысалы, спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану, ішімдіктерден, шылымнан аулақ болу, адамға зиянын тигізетін тағы басқа дүниелерден аулақ болсаңыз, сіз өзіңізге керекті, пайдалы дүниелерді таңдап алған болдыңыз. Сіздің өміріңіз, сіздің қабылдаған шешімдеріңізге тікелей қатысты болғандықтан, жақсы дүниелерді таңдау-таңдамау сіздің қолыңызда.

Зерделесек, жақсы дүниелерді таңдау үшін де белгілі бір білім қажет. Ал ол білімдерді әрине кітаптан, әлеуметтік желілерден, ақылды адамдардан және өзіміздің дұрыс деп тапқан шешімізден алатынымыз анық. Бастысы өзіңізге пайда беретін, өзіңізді жарқын өмірге апаратын нәрселерді таңдай біліңіз, сонда бақытты өмір сүретіңіз анық.       

Өмір түрлі түсті. Түстерді біз өзіміз таңдаймыз.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

Просмотров: 229 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: