18:00 Жетістіктің жүз қадамы | |
98-ҚАДАМ: ӨМІР УАҚЫТША ЕКЕНІН ЕСКЕ АЛЫП ТҰРЫҢЫЗ. ОЙЫҢЫЗ РЕТТЕЛЕДІ, МАҚСАТЫҢЫЗ АЙҚЫНДАЛАДЫ Кейбір адамдар мәңгілік өмір сүретіндей өмір сүреді. Алдына қойған мақсаты жоқ. Айналасындағы адамдар мен қарым-қатынасы дұрыс емес. өміріне қапа. Бұндай адамдар көп болмаса да баршылық. Адам өмірді уақытша екенін есіне жиі алып тұрса, онда ойы дұрысталып, алдына белгілі бір мақсаттар қойып, рухани дүниесі реттелетіні анық. Осы уақытша өмірде қолдан келгенше ойыңдағы жақсы дүниелерді неге істеп кетпеске. Барынша уақытты тиімді пайдаланып өзіңе және айналаңа пайдалы істер істеп кетуге бәрімізде де мүмкіншіліктер баршылық. Әрқайсымызға белгілі бір берілген уақыт бар. Ол уақыттың мөлшері де белгісіз. Сондықтан өмір уақытша екенін еске алып, уақыттыьарынша тиімді пайдала білейік. Алдыңызға мақсат қойыңыз. Айналаңыздағы адамдармен қарым-қатынасыңызды тзетіңіз. Жағдайы төмен адамдарға қолдан келгенше көмектесіңіз. Егер реті келсе өзіңізден ғибрат алатындай, артыңызға із тастап кетіңіз. Өмірде өзіңізге ең керекті нәрселерді білгіңіз келсе, онда бір ай өмірім қалды деп елестетіп көріңізші. Осы бір айда не істегіңіз келеді, қандай істерді бітіргіңіз келеді, осы сияқты сұрақтарды өзіңізге қойып көріңізші. Жаңаша дүниелерді ойлайсыз. Негізінде бұл ойлаған дүниелер сіздің жүрек түкпіріңізде жатқан, сізге ең керекті нәрселер блоып табылады. Өмір уақытша, ол бәріне де белгілі. Осы уақытша өмірді сапалы қылып өткізу әр адамның өзінің қолында. Сапалы өмір – бақытты өмірдің басты бөлігі. Бұған дейін айтылғандай, адам өмірінің сапасын бес нәрсемен анықтайды. Денсаулығы білім, көңіл күйі, рухани жан дүниесі және материалдық жағдайы. Осы бес нрсе адам өмірінің сапасн анықтайды. Осы бес нәрсені бойға сіңдіру үшін бұл дүниелердің құнын төлеу қажет. Ал құнын төлеу, үлкен ниет пен еңбекқорлықты, шыдамдылықты талап ететіндіктен көп адамның уысына түсе бермейтіні анық. Енді осы уақытша өмірде қолдан келгенше жақсы дүниелерді істеп кету әр адамның парызы іспеттес. Адам өмірін анықтайтын бес нәрсені бойға сіңіріп, айналаңа көмектесіп, артына ғибрат алатындай із қалдырып, айналаңдағы адамдармен жақсы қарым-қатынаста болып, өмірді дұрыс пайдалана білсек өміріміз мәнді болмақ. Өмірде ештеңеге өкінуге болмайды, бір жағдай орын алды ма – дұрыс шешім қабылда да әрі қарай өмір сүр. Конфуций Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| |
|
Всего комментариев: 0 | |