10:20
Жетістіктің жүз қадамы

53-ҚАДАМ: АҚЫЛ БАҚША СЕКІЛДІ: НЕ ЕКСЕҢІЗ СОНЫ ОРАСЫЗ

Санаға тек жақсы пайдалы ақпараттарды қабылдау оп-оңай нәрсе емес. Оған да белгілі бір тәртіптілік керек. Ақылға не игерсеңіз, ол сізге сол игергеніңізді қайтарады. Егер де сіз үнемі пайдасыз, уақытты жоғалтатын істермен айналыссаңыз, онда оның жемісін міндетті иүрде көресіз. Мысалы, сіз әлеуметтік желілерді бей-берекетсіз пайдалансаңыз, уақытылы тамақтанбасаңыз, газды сусындарды, майлы тағамдарды, аз қимылдауды, дұрыс ұйықтамауды, денсаулыққа зиян тигізетін ішімдік, шылым, тағы осы секілді нәрселерді әдетіңізге айналдырсаңыз, ол сізге міндетті түрде өзінің зиянды жемісін береді.

Бұның арты басты байлығыңыз денсаулықтың жоғалуына, психологияның бұзылуына, кедейшілікке, осы секілді кеселдерге жолықтырады. Дереу оны ретке келтірмесеңіз, соңы үлкен өкінішке апаруы мүмкін. Ал ақылыңызға өзіңізге тек жақсы нәрселерді ексеңіз, оның тәтті жемісін көретіңіз айдан анық.

Олар: спортпен шұғылдану, салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс ұйықтау жүйесін ретке келтіру, кітап оқуды әдетке айналдыру, өзіңізге зиян тигізетін тағамдардан бас тарту, біліміңізді әрдайым заман талабына сай арттыру осы секілді нәрселерді бойыңызға сіңіре білсеңіз – оның тәтті жемісін алып өміріңіз жарқын болмақ.

Аз қиындық көріп, соңы үлкен рахатты қалайсыз ба, әлде азғантай ғана рахатты көріп, соңы үлкен өкінішке апаратын қайғыны қалайсыз ба. Таңдау өз еркіңізде. Аз қиындық дегеніміз – жаңағы өзіңізге пайдасын беретін істер.

Аз рахат дегеніміз – сізге зиянын беретін нәрселер. Болашағыңыз жарқын болғанын қаласаңыз, өзіңізге азғантай ғана қиындық туғызатын істерді махаббатпен істей біліңіз, соңы жарқын өмірге апаратыны айдан анық.   

Қай кезде батыл, қай кезде төзімшіл болу керектігін білгің келсе, ақылды бол.

  • Шығыс даналығы  

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 271 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: