10:18
Жетістіктің жүз қадамы

52-ҚАДАМ: ӨЗІҢІЗДІ АПЕЛЬСИН СЕКІЛДІ ҰСТАҢЫЗ. СЫРТҚА ІШТЕГІ НӘРСЕЛЕРДІ ШЫҒАРЫҢЫЗ

Өзіңізді апельсин секілді ұстай біліңіз. Сыртқы ортадағы болып жатқан жағымсыз, сіздің психологияңызға зиян тигізетін жайттарды қабылдамаңыз. Тек сыртқа ішіңіздегі күшті шығара біліңіз. Тек сырттан өзіңізге пайдалы нәрселерді қабылдап үйреніңіз.

Адам баласы болғаннан кейін қанша дегенмен сыртқы ортадағы жайттар сізге ықпал ететіні сөзсіз. Бірақ сіз өзіңізді апельсин секілді қып үнемі ұстап жүре аласыз ба?! Әрине, бірден апельсин секілді тұлға болып кетуіңіз қиынға соғады. Бірақ бұған да қалыптасуға болады.

Сіз қандай мықты тұлға болсаңыз да сізге байланысты жағымсыз сөздер айтылатыны заңдылық. Тарихта ұлы жетістіктерге жеткен тұлғаларды өмірбаянына қарасаңыз, олар қандай қиындық болса да, оны өзіне қабылдамай, керісінше ішіндегі өуатын сыртқа шығара білген. Жетістікке жеткен адамдардың қайсыбірін қарасаңыз да сыртқы болып жатқан дүниелерге емес, ішіндегі алапат күшке тәуелді болған, соның арқасында олар жетістікке жете білді.

Қазір Аллаға шүкір еліміз тыныш, жұртымыз аман, зайырлы мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. КСРО уақытындағыдай қиын кез жоқ. Кәсібін ашып, жаңа заманауи білімдерді меңгеріп еңбектенген адамдар кәсібін дөңгеленіп жақсы нәтижеге жетіп жатыр. Кәсіпкерлікке мемлекет тарапынан қолдау көрсетіп жатыр.

Тек алдыға ұмтылып, жаңа білім жинай білгендердің заманы орнап жатыр. Әлемдегі кейбір мемлекеттерге қарап, өз мемлекетіміздің жағдайын көріп, Аллаға шүкір етеміз. Елде кәсіппен айналысуға үлкен мүмкіндік бар. Жеріміз кең, нарық бос, бәсекелестік даму үстіндегі бұндай қоғамда жаңа заманауи білімді меңгеріп, алдыға талмай еңбектенген адамдар жоғары деңгейлі кәсіп ашуға мүмкіндігі зор деп білгеніміз жөн.

Сол үшін де сырттағы майда-шүйде дүниелерге тәуелді болмай, өзіміздің ішіміздегі алапат күшті оятып, іске қосуымыз қажет. Осындай қазіргідей мүмкіншілік болып тұрғанда әрқайсымыз қолдан келгенше алдымызға қойған мақсаттарымызға ұмтылайық. Сонда біз де жақсы болмамыз, мемлекетіміз де жақсы болмақ.  

Әрдайым мына қасиеттерді шыңдай біл, олар: байсалдылық, жанның жомарттығы, мейірімділік, сенімділік пен жүрек мәрттігі. Сонда ғана шынайы өмір белесіне жете аласың.

  • Конфуций  

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

  

Просмотров: 295 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: