10:58 Жетістіктің жүз қадамы | |
51-ҚАДАМ: ӨЗІҢІЗ ҮЛГІ ТҰТАТЫН АДАМДАРДЫҢ ОН ДАҒДЫСЫН МЕҢГЕРІҢІЗ Жетістікке жеткен адамдардың кез келгеніне қарасаңыз да олардың өзіндік бір дағдылары болады. Айталық, олар таңертең ерту тұру, спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану, кітапты көп оқу, жаңа шыққан нәрселерге қызығушылығы, көпшілікпен жақсы қарым-қатынасты болуы, шет тілдерін еңгергені, оптимистік қасиеті секілді осындай ерекше дағдылары болады. Бұл тұлғалар осындай адамға пайдасын беретін дағдылары арқылы табысқа жетуі белгілі. Сіз де осы тұлғалар секілді табысқа жеткіңіз келсе, осы кісілерден өзіңізге ең маңызды деген 10 дағдыны меңгеріңіз. Ондай кісілер біздің қоғамда айтарлықтай көп болмаса да баршылық. Сондай 5 тұлғаның ерекше дағдыларын өзіңіз қайталап меңгеріңіз. 10 дағдыны 10 аптаға бөліп меңгерсеңіз де болады. Немесе бірден 2-3-еуін бастап кетіңіз. Шындап кіріссеңіз 2-3 аптада табысқа жеткен адамдар секілді дағдыланып, өміріңіз жақсы жағына қарай өзгереді. Тек жақсы тұстарын меңгеріңіз. Әйтпесе табысты, еңбекқор кейбір адамдардың адамға пайда бермейтін, қайта зиян тигізетін дағдылары да бар болуы мүмкін. Бұл дағдыларды сіз байқаусызда меңгеріп алсаңыз өрлеу емес, күйреу дәрежесіне жетесіз. Сондықтан тек өзіңізге пайдалы деген тұстарын меңгере біліңіз, сонда мақсатыңызға жетуге мол күш алған боласыз. Осыған байланысты Стивен Ковидің 7 дағдысы» деген кітабы еске түседі. Міндетті түрде өзіңнен мықты адамдармен жұмыс істеуге тырыс. Олар сенің өсуіңе көмектеседі. Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| |
|
Всего комментариев: 0 | |