10:18
Уақытыңды басқар

БІРСАРЫНДЫЛЫҚТАН АРЫЛУ

«Жылдың айларға, айдың апталарға, күннің парыз намаз уақыттарына бөлінуі адам санасында «уақыт түсінігінің» қалыптасуы үшін жеткілікті ме?» деген сұрақ туындауы мүмкін.

Бұл сұраққа сенімді түрде «Иә» деп жауап беру мүмкін болмас. Себебі Абайдың «Пендеде бір іс бар жалығу деген» дегеніндей, адам баласы біршама уақыттан соң бірсарынды өмір салтына үйреніп, тіпті жалығып, ғапылдыққа түсуі ықтимал. Сондықтан басқа да алғышарттар арқылы мұндай жайттың алдын алу қажет болады.

Дініміз мұны алуан түрлі жолдармен жыл, ай мен апта, тіпті күн ішінде белгілеген басқа да ғибадаттар арқылы жүзеге асыруда. Нәпіл ғибадаттардың сан қырларының бірі осыған қатысты. Аптасына бір рет оқылатын жұма намазы, намаздың алдында тыңдалатын құтбалар, жылда екі рет оқылатын айт намаздары, айт құтбалары, үш айлардың ерекшеліктері, бір ай бойы үзбей ұсталатын Рамазан оразасы, әр айдың ортасында, дүйсенбі мен бейсенбі күндері ұсталуы сүннет оразалармен қатар, ай мен күн тұтылғанда, құрғақшылық, жұт және басқа да қолайсыздықтар туындағанда оқылатын намаздар – бәрі-бәрі мүмінге ескерту, оны бірсарындылықтан құтқарып, «уақыт» жайлы түсінігі мен жауапкершілігінің дұрыс болуы үшін жасалған алғышарттар. Тақуа мүмін бұл мүмкіндіктердің әрбірін нәпсісін есепке тартып, иманын шыңдап, бір серпіліп қалу үшін пайдаланады.

Сондықтан да айналамызда көптеген адамдардың қасиетті айлар мен күндердің себебінен ғапылдықтан арылып, тәубесіне келгендігін, иманға, Исламның тура жолына бет бұрып, өмірін өзгерткендігін көре аламыз. Әсіресе, мұнда Рамазан айының орны ерекше.    

 
 
 

жиған-терген                 

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 272 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: