10:55
Уақытыңды басқар

УАҚЫТ ҚҰНДЫЛЫҒЫ: ЖЫЛДЫҢ КЕЙБІР АЙЛАРЫ МЕН КҮНДЕРІНІҢ ЖӘНЕ КҮННІҢ КЕЙБІР УАҚЫТТАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Адам баласы өмірін сезіне білуі үшін ғұмырының әр күнін бір сарында өткізбеуі тиіс. Исламда кейбір айлар мен кейбір күндерге тіпті кей сағаттарға басқаларына қарағанда ерекшелік берілген. Ал бұл ол уақыттардың басқаларына қарағанда дәрежесі тұрғысынан айырмашылығы бар екендігіне ар-ожданымызда қалыптастыратын сенімімзге байланысты. Міне, осындай сенім мен түсініктің қалыптасуына Құран Кәрім мен хадистерде айтарлықтай көңіл бөлінгенін көре аламыз.

Құран Кәрімде Алла Тағала жылдың әр күнін, күннің әр сағатын біркелкі қылмаған, олардың кейбірінің қадірі жоғары екендігін білдірген. Бұл хабарлар кейде анық айтылса, кей жерде астарлы трде білдірілген. Кей жағдайда ол уақыттарға ант етіліп, барынша назарымызды аударады. Құранда уақытқа қатысты астарлы түрде айтылған жайттар хадистер арқылы айқындала түседі. Бұл тұрғыда тақырыбымызға дәлме-дәл сай келетін мысалдардың бірі – «Фәжр» сүресі. Бұл сүреде анық айтылғанын да, астарлы жеткізілгенін де, ант ете отырып келтірілгенін де көре аламыз. Сүренің бастапқы аяттары келесідей:

«Таң шапағына серт! Және (мүбәрак) он күнге (серт), Жұпқа және таққа (серт), Соңына қарай ағып бара жатқан түнге (серт! Қиямет сөзсіз, орнайды»). Міне, осынау анттарда сау ақыл иесі үшін, мықты дәйек бар емес пе?!»

Бір тәуліктің таңертеңгі уақытынан бастап белгілі. Ал одан ары ант етілген астарлы мағынадағы аяттарды Алла Елшісі (с.а.с.) былай түсіндірген: «Он түн дегені – зулхижжә айының алғашқы он күні. Жұп дегені – Құрбан айт күні, тақ дегені – Арафа күні».

Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Буруж» сүресіндегі Алла Тағаланың ант еткен уақыттарының белгілі бір күндер екендігін атап өткен: «әл-йәумәл-мәшһуд – Арафа күні, әш-шәһид – Жұма күні...»

Уақытқа қатысты тағы бір анық айтылған хабар «Қадір» сүресінде кездеседі. Ол сүреде Қадір түнінің мың айдан да қайырлы екендігі баяндалады.

Олай болса, уақыттың әрбір күні, әрбір сағаты бірдей емес. Кейбір сәттердің қадір-қасиеті басқаларынан көш ілгері тұрады. Аз уақытта көптеген пайдаға кенеліп, сапалы ғұмыр кеше алу үшін осындай құнды уақыттарды тиімді өткізуді үйрену қажет. Құран мен хадисте мақталып айтылған уақыттар – осы қадірлі де қасиетті сәттер.

Құран тек қана Қадір түнінің не жылдың санаулы күндерінің маңызына назарымызды аударып қана қоймай, Рамазан айын да ерекшелеп атап өтеді: адамдарға тура жол көрсетуші, ақиқат пен жалғанды ажыратушы теңдессіз жолбасшы болған Құран Кәрім сол айда түскендігін баяндайды. Рамазанның басқа айлардан артықшылығы мен үстемдігі хадистерде жиі айтылып өтеді. Хадис кітаптарында кездесетін оразаға байланысты тақырыптарда осы жайтты көптеп кездестіруге болады.

«Уа, Алла! Бізге ережеп пен шағбанды берекелі қыл және бізді рамазанға жеткіз».

Пайғамбар дұғасы

Сонымен қатар хадистерде «үш айлар» деп аталып кеткен ережеп, шағбан, рамазанның қасиеті, рамазаннан соң келетін шәууәл айының алты күні, зулхижжаның алғашқы он күні, оның ішінде Құрбан айт күні, мухаррма айы және ондағы ашура күні әдеттегі күндер мен айлардан ерекшеленіп көрсетілген, бұл уақыттарды барынша тиімді пайдалану қажеттігі, кейбір уақыттарда ораза ұстаудың артықшылығы атап өтіледі.

Қамари айларда әр айдың алғашқы күні, әййәмул-бид (жарық күндер) деп аталған 13, 14, 15-інші күндері ерекшеленіп, ол күндері ораза ұстау сүннент саналған.

Одан да ары нақтылап маңыздылығын көруге болады. Аптаның барлық күні бірдей дәрежеде емес. Кейбір күндер басқаларына қарағанда ерекше саналады. Әсіресе, жұма күні – ең қадірлі күн. Дүйсенбі және бейсенбі күндері ораза ұстау – сүннет әрі басқа күндері ұсталған оразадан сауабы артық.

Ал бір күнді қарастыратын болсақ, күннің сәресі уақыты басқа уақыттарынан маңыздырақ.    

 
 
 

жиған-терген                 

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

         

Просмотров: 278 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: