23:06 Уақытыңды басқар | |||
ӘРБІР ӨТКЕН СӘТТІҢ АҚЫРЕТТІК ЕСЕБІ «Ей, адам баласы! Сен күндерден, яғни, уақыттан тұрасың. Бір күнің өткенде, сенің бір бөлігің сынып түскендей болады» Хасан Басри Уақытты жоспарлауды қалыптастырып, мұсылмандардың өмірлік әдетіне айналдыру үшін дініміз оның маңыздылығына назар аударып қана қоймаған. Сонымен қатар Құранда да, хадисте де адам өмірінің әрбір сәті есепке тартылатыны, өлшеп берілген өмір атты қазынаны қандай жолда, қалай жұмсағаны нақты айтылған. Құранда адам баласының жаратылып, қалағанын істеуге еркіндікке жіберілмегенін, өмір бойы істеген әрбір амалын арнайы періштелердің жіпке тізгендей жазып отыратынын, тек іс-амалын ғана емес, адамның ойында қылаң берген жайттардың да жазылатынын, есепке тартылатын күні адамның бұлардың ешбірін жоққа шығара алмайтынын, тіпті сол істерді атқарған тілі, көзі, құлағы, қол-аяғы секілді дене мүшелері жеке-жеке куәлік ететінін, жасалған жақсылық не жамандық әрекеті шаңның тозаңындай көзге ілінбес мардымсыз болса да сұраусыз қалмайтынын, ол есеп күнінің адамға баласын, отбасын, бауырын, ата-анасын, барлығын ұмыттыратынын, жас балаларды әп-сәтте ақ шашты қарияға айналдыратын өте ауыр әрі қорқынышты күн болатынын ескертеді. Адамның жеке тұлға ретінде жауапкершілігі мен ақыретте беретін есебі турасындағы аяттардың саны өте көп. Бұл айтылғандарды төмендегі хадис жан-жақты өте жақсы баяндайды: «Қиямет күні әрбір адам мына бес сұраққа жауап берместен жылжи алмайды:
Ойлап қарайтын болсақ, аталған бес жайттың барлығының азды-көпті уақытпен байланысы бар екенін аңғара аламыз. Исламның адамзатқа алып келген тәрбиесі арқылы жоғарыдағы жайттарға байланысты сенімі қалыптасқан жан уақытты жоспарлау мәселесінде немқұрайдылық танытпасы анық. Сонымен алдымызда ақыреттің есебі күтіп тұрғанын естен шығармауымыз қажет. Алайда ақыреттен қорықпай, бұл дүниеден қорқуымыз керек. Өйткені ақыретте бұл дүниеде атқарылған істеріміздің нәтижесін көреміз. Сондықтан ақыретте қандай нәтижеге қол жеткізетініміз бұл жалғанда уақытымызды қалай өткізгенімізге тікелей байланысты болмақ. Әрбір арайлап атқан таңымызда өмір күнтізбеміздің бір парақшасы ашылады. Сол өмір парағын қалай толтырамыз? Кирамән Кәтибиндер бүгінгі ақыреттік «файлымызға» нелер жазады? Мүмкін, міне, осы ақиқаттар жайын қатты ойланып, жүрегімен есебін жасап, уақытын ең пайдалы іспен өткізсе игі. жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| |||
|
Всего комментариев: 0 | |