10:20
Тіл - күретамыр

ҚАЗІРГІ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ӨЗЕКТІЛІГІ

Мәдениеттер қақтығысы терминін түсіну үшін орыстың шетелдік (иностранный) сөзін есіңізге түсіріңіз. Оның ішкі формасы мейлінше айқын: өзге елдерден. Туған, өзге мемлекеттер емес, мәдениет адамдарды біріктіреді және оларды өзгелерден, бөтен мәдениеттен ерекшелеп тұрады. Басқаша айтқанда, төл мәдениет – халықтың ұлттық ерекшелігін қорғаушы қалқан және өзге халықтар мен мәдениеттерден қорғап-қоршап тұратын бітеу дуал.

Сөйтіп, бүкіл әлем адамдарды тілі мен мәдениеті арқылы біріктіріп тұратын «өзі» және тіл мен мәдениеттен жұрдай «өзгелер» деп бөледі. Алайда әртүрлі әлеуметтік-тарихи себептерге байланысты, ағылшын тілі басты халықаралық қарым-қатынас құралына айналды. Сол себепті де, оны миллондаған адам пайдаланады әрі бұл тілді ана тілім деп есептемейтіндер ағылшын тілді әлемге аса зор саяси-экономикалық және басқа да үлесін қосты.

Бұл әлемдегі халықтар арасындағы қалқан жойылды: оның мәдениеті ашық көрмеге қойылғандай, өзге адамзат үшін қолжетімді бола түсті. «Менің үйім – менің қамалым» қағидасын жақсы көретін ағылшындардың ұлттық жабық махаббаты үшін – бұл парадокс немесе тағдыр тәлкегі сияқты көрінуі мүмкін. (Олардың ұлттық үйінің есігі бүкіл әлемге ағылшын тілі арқылы ашылды).

Ежелгі гректер мен римдіктер бүкіл әлем халқын және мәдениеті варварлар деп атады – гректің barbarous «жателдік» деген сөзінен шыққан. Бұл сөз – дыбысқа еліктеген және жат тілмен тікелей байланысты: бөтен тілдер құлаққа түсініксіз бар-бар-бар деген дыбыстар секілді естілген (орыстың балаболыменсалыстырыңыз).

Ежелгі орыс тілінде барлық шетелдіктерді «неміс» деп атады. ХІІ ғасырдағы орыс мақалы ағылшындарды қазақшаға салғанда: «Аглиндік немістер өзімшіл емес, бірақ сұрапыл төбелеседі» деп сипаттайды. Ақырында бұл сөз жателдік терминімен алмастырылды да, неміс сөзінің мағынасы Германиядан келген шетелдіктер мағынасына дейін тарылды. Бір қызығы, неміс сөзінің түбірі – нем, мылқау (немой), яғни – сөйлей алмайтын адам (біздің тілімізді білмейтін адам) сөзінен шыққан. Шетелдіктің анықтамасы негізінде туған тілінде сөйлей алмайтын, өзін сөз арқылы түсіндіре алмайтын (варвар сөзімен салыстырыңыз) адам ұғымы жатыр.

Неміс сөзін алмастырған шет елдерден сөзді, тілді білуден (немесе тілді мүлдем білмеуден) шыққан тегіне қарай көбірек акцент қоятын болды: бөтен жерден, өзге елдерден. Осы сөздердің мәні – туған, өз сөздерімен қарама-қарсы қойған кезде айқындала түседі: шетелдік, яғни бөтен, өзге елдерде қабылданған. Осы қарама-қарсылықта өз және бөтен ұғымдарының арасында өзара қақтығыс бар, яғни мәдениеттер қақтығысы, сондықтан шетел немесе шетелдік сөздерімен тіркесетін барлық тіркес осы қақтығысты меңзейді.

Мәдениеттер қақтығысының ең нақты мысалдарын шетелдіктер мен олардың отанында немесе өз елінде қарым-қатынас жасаудан байқауға болады.

Мұндай шиеленістер көптеген күлкілі оқиғаларды, анекдоттар мен күлкілі сюжеттерді, келеңсіздіктерді, драмалар мен тіпті қайғылы оқиғалардың алуан-алуан парасын тудыруда.

Айталық, Латын Америкасында «Мальборо» темекісінің жарнамасы «өтпейді». Ковбой, атқа мінген адам – тек арзан шылым шегетін кедей халықтың өкілі. Сол себепті де ол сапасыз темекі. Қандай да бір саяси режим негізінде тыйым салынған кітаптар (немесе өртелетін кітаптар) идеологиядағы қақтығыстың, сол қоғам мәдениетіндегі сәйкессіздіктердің айқын көрінісі. Бұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады.

Осындай һәм осындай іспеттес қауіпті жағдаят ғылым мен білімнің алдында өте күрделі әрі құнды міндеттерді алға қояды: біріншіден – түрлі халықтардың рухани және материалдық мәдениетін, олардың шығу негіздері мен қалыптасу тарихын, өзге елдермен қарым-қатынасын зерттеу; екіншіден – өзге мәдениетке сый-құрмет көрсетуге, шыдамдылық танытуға шақыру.

Осы аталған мәселелерді шешуде түрлі конференциялар ұйымдастырылып, кітап, монографиялар жазылып, тіл мен мәдениеттің өзара қатынасына арналған жоғары және орта мектеп бағдарламасының оқу жоспарына арнайы пәндер енгізіліп жатыр. Шетел тілдерін оқытуда мәдениетаралық коммуникация мәселесін шешу маңызды орын алады.

әзірлеген                                                                                                      

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі  

Просмотров: 288 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: