09:29
Тіл біл

ПАРСЫ ТІЛІ

Қазақ тіліндегі көптеген діни атаулар да парсы тілінен енген. Мәселен, «намаз» сөзі араб тілінде “solah”, «ораза» сөзі арабшада “soum”. Біздегі атаулар болса парсышадан келді. Аузымыздан тастамайтын «Құдай» сөзі де парсы тіліндегі “hudo” / “Huda” деген сөзден. Үлкен кісілердің «Құда қаласа» деген сөзін естіген боласыздар. Сондағы «Құда» дегені – «Құдай» дегені. Негізі, «Құдай» сөзі – «Менің Құдайым» деп аударылады. Қыз алысып-беріскенім қазақ «құда» дейтіні – «Құдай қосқан» деп жаңа туыстарына үлкен құрмет көрсеткені. «Пайғамбар» сөзі де парсышадағы “piyombar’ сөзінен. “Piyom” – хат, хабар, “bar” – беруші, жеткізуші. Сүйікті еліміз – Қазақстан атауында да парсылық із көреміз. Соңындағы «-стан» жалғауы парсышада «мекен», «жер» мағыналарын береді. Сол себепті де бүкіл Орта Азия елдерінің атауында, сонымен қоса көптеген аймақтарда осы жалғауды көреміз: Түркістан, Регистан, гүлістан, Хузистан және т.б.

Иранға бара алмады десе де, парсы тілінде сөйлейтін елге барғаны туралы жаза кетсе.

Осыдан 4 жыл бұрын әділет және жәнібек есімді екі бауырымен Имам Матуруди, Имам Бұхари сынды ғұламалар шыққан (Алла баршасын рахымына алсын) алтын құрсақты даланы зиярат етпек ниетінде сапарға шықты. Сол бір кезең өмірлерінің жарқын сәттерінен болып, жадыларында сақталып қалды. Алдын ала интернеттен Ташкент-Самарқанд бағытында ұшаққа билет алды. Ал Ташкентте оңтүстік шекарамыз арқылы таксимен өтті. Өзбекстанда бәрі жаппай өзбекше сөйлейді деген бір «аңыз» бар. ол жақтың да мәселесі біздікіне шамалас екен. Оны өзге қалаларына барған кезде түсіне бастады. Ташкенттіктер елордалық ретінде «сауатты», «оқыған» азаматтар, көпшілігі орысша сөйлегенді құп көреді. Орысша сөйлесе «интеллигентті» болады деген құлдық сананың ұшқыны біздегідей әлі кете қоймаған.

Ташкентте 5 сағатқа жуық уақыттары бар. ендеше таңғы ас ішіп, тамақтанбақ керек. Самса, палау сынды жергілікті фаворит тамақтарды жеудің орнына, Ташкенттің орталығындағы 5 жұлдызды қонақ үйге бірақ барды. Қалталарындағы «пачка-пачка» болып көрінген ақшаға алданса керек, рестораннан тамақтануды ұйғарды. Ал сапарлары болса енді басталуда.

Таңғы астарын ішіп, тура Қазақстандағы жақсы бір ресторанда тамақтанғанның құнын төлеп, артынан сим-карта алу үшін арнайы орталығына барды. 2-3 күнге жеткілікті болатын интернет-пакетіне төлем жасап, қалған аз уақыттарын Ташкенттің ауасын жұтуға арнайық деп біраз серуендеді. Сим-картаны 30 минут ішінде қосылады деген болатын, ол жарықтық, сол күйі қосылмай кетті. Бүкіл саяхаттары интернетсіз болды деуге келеді. алданды ма, біле алмады, әйтеуір ұшаққа жетпестен шығынан шығынға түсті. Бірақ барлығы олар ойлағаннан әлдеқайда қайырлы болды.

Ташкенттің өзінде 2 әуежай бар екен. Біреуі – халықаралық рейстер үшін, келесі бірі – ішкі рейстерге арналған. Оны да жете білу өте маңызды, себебі басқа әуежайға кетіп қалып, ұшағыңыздан қалып қалуыңыз әбден мүмкін, ал билеттер болса қайтарымсыз. Ташкенттен Самарқандқа ұшайын деп жатыр, демек ішкі рейс болуы керек деп ақылға салды да, ішкі рейстерге арналған әуежайға беттеді. Дәл барған екен. Ұшаққа отырғызу басталмаған. Тіркеу болып жатыр екен. Ұшақ бортына қолға ұстап алып кіреміз деген сөмкелерін өткізуге рұқсат бермеді. Оны жүк көлігіне өткізуге тура келді. Тіркеуден өтіп, күту залына кірді. Ғибадаттың уақыты болғандығы сол, намазхананың бар екендігін көріп қуанды. Каримовтың режимінен кейін белгілі бір стереотиптер бар-тын. Алайда көп нәрсе олар күткеннен де жақсырақ бола бастады. Өздерінің сим-картасы жасамағандықтан, сол жердегі бір әуежай қызметкерінен Wi-Fi қосуын сұрады. Еш сараңдық танытпастан ашып берді. Ұшаққа отырғызу басталғанша жақындарымен хабар алмасып үлгерді. (жалғасы бар)   

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 3 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: