23:04
Тіл біл

ПАРСЫ ТІЛІ

Төртінші курсқа өткен кезде Астана қаласындағы Иран мәдени орталғыныа барып, Ираннан келген парсы тілінің мұғалімінен бір семетр бойы сабақ алды. Осы жерде тіл үйренудің жүйелі формасын ұсына алады. Егер де қандай да бір тілді өз теңізше оқуға ниетті болсаңыз, бүгінде YouTube желісінде түрлі тегін сабақатар жеткілікті. Таңдаған тіліңізді әуелі 3-4 ай мерзімінде қазақ мұғаліммен қазақ тілінде үйренсеңіз, кейіннен тек сол тілде сөйлейтін мұғалімдердің сабақтарын тауып, кезегімен көре аласыз. Алғашында түсіну жағы қиын болуы мүмкін, алайда уақыт өте құлағыңыз бейімделіп, жаттаған сөздеріңіз шыға бастайды.

Біздің елде парсы тілін үйренушілер саны аз. Дей тұрғанмен, көптеген тарихи жазбалар осы парсы тілінде сақталған. Таяу Шығыста осындай бір сөз бар: «Араб тілі – қасиетті жазбаның тілі, парсы тілі – әдебиет пен тарих тілі, түрік тілі – жауынгерліктің тілі» (бұл жердегі түрік тілі – тек Анадолы түрікшесі емес, бүкіл түркілерге ортақ болған көне түрік тілі).

Университет бітірген соң Иран елшілігінен арнайы грнат ұтып, Иранға магистратураға түсу мүмкіндігін алды. Шығыстанушы ретінде оның бұрыннан келе жатқан бүкіл Шығыс әлемін шарлау деген арманы бар болатын. Иран да – сол әлемнің бір бөлшегі. Алайда белгілі бір себептермен ол оқуға бармайтын болды. Бармай қалуы, шынында, қайырлы болған шығар. Себебі сол жылы үйленді, отбасылы болды. Алланың қалауымен, Анадолыға бет бұрып, Стамбул шаһарынан табылып, Мармара университетіне өзі түсті. Иранға сапар шегу арманынан әлі баз кешпеді. Ендігі жерде жалғыз емес, өмірлік жарымен бірге Шығыс әлемін зерттеп келеді, сол үшін де шегер сапарлары әлі алда деп біледі.

Мармара университетінде де парсы тілі сабағы болды. Ауғанстаннан келген түрік тілін өте жетік білетін Хабибулла Хабиб есімді мұғалім сабақ берді. Ол ұстазбен бірге «Парсыша тарихи қолжазбалар оқу» пәнін де өтті. Мамандығындағы санаулы шетелдік студенттердің бірі ол болған соң, оған қатынасы да ерекше еді. Ең алғашқы таныстық күні сұхбат алды да, оны бірден парсы тілінің ең жоғары деңгейін оқытатын топқа жіберді. Осылайша парсы тілін одан да тереңірек оқуға мүмкіндік алды.

Тілдерді терең оқыған сайын, бүкіл адамзат баласының ортақ танымын, ортақ ұқсастықтарын біле бересің. Тіл – тылсым құпияны сақтаушы, халық туралы, ел туралы түсінік пен сырларды ғасырдан ғасырға жеткізуші көлік іспетті.

Осы орайда қазақ тіліне енген парсы сөздерін бір шолып өтсек.

Апта атауларының бәрі парсышадан келген және осындағы «апта» сөзінің өзі парсы тіліндегі «hafte», яғни «жеті» деген санның атауы. Аптада жеті күн болғандықтан, атаудың өзі қисынға келетінін көреміз. Ал енді апта күндерін қарап көрелік:

du shanbe

jume

shanbe

iyek shanbe

«Shanbe» - «күн» мағынасын берсе, жанындағы тіркестер санды білдіреді. Демек, «Du shanbe» - екінші күн, «se shanbe» - үшінші күн, «chohor shanbe» - төртінші күн, «panj shanbe» - бесінші күн, «iyek shanbe» - бірінші күн. Тәжікстанның астанасы – Душанбе қаласының атауы «дүйсенбі» мағынасын береді. Біз білетін дүйсенбі – аптаның бірінші күні еді, неге парсышада екінші күн? Себебі көптеген мұсылман елдерінде жексенбі – аптаның бірінші күні. Жұма – мұсылмандардың қасиетті күні, мерекесі, сол себепті жұма және сенбі демалып, аптаның бірінші күнін жексенбіден бастайды. Тілдің өзінен осындай терең таным алып, көкжиегімізді кеңейте аламыз. (жалғасы бар)   

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 9 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: