11:41
Тіл біл

АРАБ ТІЛІ

Қазақша-арабша жазып жаттайтын болсаңыз, ертең қазақ тілінен араб тіліне аударма жұмыстарын жасау, қазақша сөйлемдерді арабшаға аудару ыңғайлы болады, бірақ тек солай ғана жазып жатайтын болсаңыз, арабша мәтіндерді аудурға қиналуыңыз мүмкін. Себебі сіздің миыңыз тек қазақшадан арабшаға аударма жасап бейімделіп қалады. Сол себепті ұсынылып отырған комбинация тәсілін пайдаланыңыз. Жаңағы сөздерді дәпретіңіздің екінші бетіне арабша-қазақша етіп жазасыз:

арабша – кітап

арабша – қалам

арабша – дәптер

арабша – мектеп

арабша – студент

арабша – мешіт

миыңыз екі жақты форматқа бейімделуі тиіс. Тіл үйренудің бірінші сатысында тілді сезуге тырысу керек. Сол тілде көп тыңдайтын болсаңыз, миыңыз дыбыстарға, әріптердің шығуына үйрене береді. Тіпті араб тілін енді ғана бастап жатқан адам болсаңыз да, көптеп тыңдауды әдетіңізге айналдырсаңыз құлағыңыз төселеді, санаңызды дайындайсыз. Араб тілінде бір нәрсе тыңдап бастау үшін белгілі бір сәтті күтіп қажет емес. Дүкенге, мектепке, жұмысқа, университетеке, ауылға, қалаға апарар жолдарды тыңдау үшін пайдалана аласыз.

Егер жаттағын сөздеріңізді пайдаланбайтын болсаңыз, олар автоматты түрде пассивті сөздік қорына айналады. Уақыт өте келе оларды ұмыта бастайсыз. 5 қана жаңа сөз жаттасаңыз да, оларды орындарын алмастырып, түрлі-түрлі комбинациялар жасап, сол 5 сөзден көптеген сөйлемдер алуға болады.

Креативті түрде комбинациялар жасай беруге қорықпау қажет. Бір сөз үйренсек, оны қайта-қайта пайдаланып, санамызға қашап алу маңызды. Өте қарапайым, алайда Брюс Лидің маңызды сөздерін еске алайықшы:

Мен 1000 тәсіл білетін адамнан емес, бір тәсілді мың рет қайталайтын адамнан қорқам.

Араб тілін үйрену барсындағы жазу практикасы жайлы да сөз қозғай кетелік. Алайда бұл жердегі жазу – қолмен дәптерге жазуды меңземейді. Оның маңыздылығын өз алдына жеке талдадық. Бұл жерде телефондағы арабша жазудың өзектілігін сөз етпекпіз.араб әріптерін үйреніп болған соң, смартфоныңызға міндетті түрде араб пернетақтасын орнатып алыңыз. Сізге телефон жүйеңіз 22 түрлі нұсқа шығаруы мүмкін (себебі бүгінде 22 араб мемлекеті бар). Өзіңізге ыңғайлысын аңдай аласыз. Аса бір айырмашылық жоқ. Тіпті парсы тілі үшін де араб пернетақталарын пайдалана береміз.

Пернетақтаны орнатқан соң үйренген сөздеріңізді қайта-қайта ескертпелер бөліміне жаза бересіз. Себебі қолыңыз арабша теруге бейімделуі қажет. Арабша білетін немесе Құран оқи алатын танысыңызға WhatsApp қосымшасы арқылы арабша теріп жазсаңыз болады. Солай-солай үйренген сөздерді кеңінен, жан-жақты пайдалана алуыңыз – тілді жан-жақты сезуге үлкен көмегін тигізеді. Мәселен, оның араб тілін өте жетік білетін бір ағасы бар. Ол кісі араб елдерінің түрлі қызметтегі адамдарымен тұрақты байланыста, араб елдерінен басқа да достары өте көп. Мысырда оқып келген соң телефон контактісіндегі бүкіл араб таныстарына арабша сәлемдесіп, мерекелерде арабша тілек жазып жібереді екен. Мысалы, 1500 контакт болса, 1500-ден 1500 түрлі жауап келеді. Сол жауаптардың ішінде әдемі, өзіңе ұнағандарын түртіп алып, жаттап, келесі жолы жазған кезде соларды пайдалануға тырысатын көрінеді. Осындай бір тәсіл арқылы арабшасын едәуір жақсартып алғанын өз аузынан естіген. (жалғасы бар)  

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 25 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: