15:02 Тіл біл | |
АРАБ ТІЛІ Өз қатарластарыңмен емес, өмір көрген, білім жолынан өткен, ақыл-парасаты жоғары, жол нұсқап, ағалық таныта білетін жандармен тұрғанның айырмасы өте көп. Ондай ортаны қайдан табамыз? Ол да жауабын білмейтін. Алайда мектеп оқып жүргендегі уайымы, алаңдаушылығы ортасы болғандықтан, Алладан ізгі жандармен қосуын көп сұрады. Тағы бір дұғасының жауабын Жаратушымыз осылай берді. Сол кезде бір ғана араб тілін оқуға күніне 8 сағаттап көңіл бөлді. Одан басқа университеттің өзге пәндері бар, оларға да үлгеріп жүрді. Әрине, ақша табу керек деген уайым болмады, тек қана сабақ оқып, білім алса – бар атқару қажет қызметі сол болатын. Үй ішінде қамқоршы ағаларының жасай білген атмосферасы да үлкен әсерін бере білді. Өзін өзгеге аға санайтын саяз танымды кей адамдар інілерін сыраға жұмсап, өзінен кішілерді қор көрсе, ел ертеңіне алаңдайтын, шынайы уайымы бар ізгі адам – Махамбет пен Аяз ағаларыдай бола білсе дейді. Білімді, көреген ағаларымен бірге тұрғанда алған көп пайданың және бірісі - пікіралмасып, сөз талдап үйренді. Күн сайын кешке шай үстінде түрлі ғылыми, тарихи, діни, лингвисткалық, саяси тақырыптарда сөз қозғайтын. Пәтерлері өзінше бір интеллектуалдар клубы іспетті болатын. Ой-өрістің кеңейіп, дұрыс танымда рухани һәм менталды дами білу үшін де орта маңызды екенін және бір ескертеді. Олардан кейде оқырмандар «Тілдерді қалай оңай үйренудің жолы бар?» деп сұрап жатады. Уақытыңды, малыңды сарп қылмай, қандай да бір тәсіл қолдансаң да мардымды нәтижеге жете алмайсың. Тек ынта мен ыждағат қана сол процесте көмекші бола алады. Алғашқы курсқа түскен студенттердің көп қызығатыны – студенттік альянстар. Активистік өмір – жігіттерге көп қыз-қырқынмен танысуға жол ашады, қыздарға сол секілді жігіттіремен таныстықтың құшағын жаяды. Негізі алғашқы курста энергияңызды активистікке жұмсағанша, оқу-білімге жұмсаған абзал болады. Бұл, әлбетте, оның жеке ұстанымы. Ол нәрсемен сіз келіспеуге де құқылысыз. Осылай іні-қарындастарына дұрыс нәрсені, дұрыс жолды насихат еткісі келеді. Аз-маз видео түсіріп, монтаждайтын өнері бар-тын студенттік шақта. Сол үшін активисттер қатарына қосылуға қайта-қайта шақырту алса да бас тартты. Олардың «дамисың, жақсы орта табасың, сабақтарыңа автомат алып береміз» дегендері – «уақытыңды босқа құртасың» дегенге ұқсады. Бала кезінен үлкен мақсаттар қойып үйренген адам үшін қысқа мерзімді сауық-сайрандар қызықты болмауы керек. «Не үшін келдім? Қайда бара жатырмын?» деген секілді сұрақтарды өзімізге қою арқылы бойымызды сергітіп отыру маңызды. Сол студенттік шақтан тіл практикасына қатысты мардымды бір өрнек беруге тырысып көрейік. Күндердің бір күні университеттегі сабақтан шығып, үйге қайту үшін автобусқа мінді. Өз аялдамасынан түсіп, үйге қарай бара жатқан жолда жасы елуден асқан ер кісіге кезікті. Мұсылманшылық әдеппен қолындағы сөмкелерін көтерсуге рұқсат сұрап еді, орысша тіл қатты да «спасибосын» айтып, ерекше қуанғанын білдірді. Сөйтсе, ол кісі ол тұратын үйде одан 2 қабат төменгі пәтерде тұрады екен, солайша жолдары да бір болды. Орысша сөйлегенінен өзге ұлттың адамы екенін аңғарған болатын, қателеспепті. Иорданиялық араб боп шықты. Орысшаны қайдан жақсы біледі десе, Ресейде РУДН-де (Российский университет дружбы народов) аудармашылыққа оқыған екен. Олар танысқан уақытта Қазақстандағы Кувейт елінің елшілігінде тілмаш боп қызмет атқаратын. Сол жерде үйіне дейін жүктерін көтерісіп көмектесті. Араб тілін енді үйреніп жүрген ол, бұл адаммен таныстығын үлкен мүмкіндік деп қабылдады. Оның үстіне тіл маманы, араб тілі – ана тілі, демек, тереңінен түсіндіре алады. (жалғасы бар) баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |