13:28
Тіл біл

АРАБ ТІЛІ

Оқуға алғаш түскен кезде жаныңызда бағыт беретін адам болатын болса, Қазақстанның университетінде жүріп те үлкен жетістіктер жасай аласыз. Бірінші курста Бекболат Тілеухан (Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жыршы, саясаткер, ұлт жанашыры) ағасы университетіне келіп, студенттермен кездесу ұйымдастырған. Сонда ел алдына шығып, ол да бір сауал жолдап, кеңесін сұраған: «Қазақстанда оқыған жақсы ма, шетелде оқыған жақсы ма?» - деп еді, «Бакалаврды елде, магистратураны шетелде оқыған жақсы, құлыншақ», - деген жауап алды. Бекболат ағасы ол кезде оны танымайды, көптің ішіндегі бір студент қана. Арада жылдар өткен соң, Алланың қалауымен, ағасының жанынан табылып, ел мүддесі үшін республикалық және халықаралық деңгейлерде көптеген қызмет жасап, аға-іні боп араласатынын білмесе керек. Оның студент кездегі бар шаруасы тек оқу болды. Сол себепті енді оқуға түссеңіз, оқуыңызға аса мән беріңіз деген болар еді. Уақыт қайтып келместей оқып қалыңыз. Ал мансап, атақ, жетістік – уақыттың ғана мәселесі. Лайықты білім ала білсеңіз, ертең лайықты орныңыздан, лайықты адамдардың жанынан табыласыз.

Ал енді Бекболат ағаның жоғарыдағы пікіріне келсек, ой елегінен өткізе отырып ол да келісті. Шетелге оқуға бакалаврда кеткен қазақстандық студенттердің бойында көп жағдайда ұлттық-рухани құндылықтар әлсіз боп қалуда. Ерте, жастайынан жат мәдениеткемәдениетке баулынып, бөтен қоғамның ықпалына ұшырап кетеді. Бауырлас түркияға түскен жастарымыздың өзінде бой көрсетеді ондай құбылыс. Себебі қалай алғанда да Түркияның үлкен империя болғанын, өзіндік амбициялары бар өлке екенін ұмытпауымыз керек. Ол қолдайтын ұстаным, бала елде жүріп рухани бекінуі қажет. Өз елінің құндылықтарын бойына сіңіріп, кейіннен шетел асып білім алса құптарлық. Осман империясының соңғы сұлтаны Абдулхамид ІІ (Осман империясының соңғы абсолютті монархы, Ислам әлемінің соңғы 90-халифасы, осман империясының құлауын 30 жылға кешіктірген үлкен реформатор) өз сөзінде айтады: «Тәлебелерімізді (Тәлебе – араб тілінен «студент, білім алушы») Еуропаға оқуға жібергенде жасаған үлкен қателігіміз – олардың бойына руханият пен дінді сіңіріп жібермеген екенбіз. Олар елге оралғанда жартысы қорқақ боп оралды, жартысы сатқын боп оралды», - дейді.

Студенттік шақтан сыр шертуінің негізгі себебі – адамның тұлғалық қалыптасуының кезеңдері осы студенттік уақытпен байланысты. Өздері секілді жасөспірімдер кұш-қуатын болмашы нәрсеге емес, ертеңгі өздерінің жарқын болашағы үшін арнай алса екен дейді.

Ол бірінші курсқа түскенде Алла Тағала Махамбет және Аяз есімді екі түркітанушы (түркітанушы (тюрколог) – түрік (түркі) халықтарының тілін, дінін, әдебиетін, тарихын, этнографиясын, заттай әрі рухани мәдениетін зерттейтін маман. Алғашында «Шығыстану» саласының бір тармағы болған. Кейіннен ауқымы кең болған соң, жеке бағыт ретінде бөлініп шыққан) ағасымен тағдырын түйістірді. Туған ағасының «Інім бар еді Астанаға оқуға түскен, соны жандарыңа алсаңдар» деген бір ауыз өтінішін қабылдап, жандарына қосқан ол екі ағасына айтар алғысы шексіз. Сол кезде Конан Дойлдың Шерлок Холмсын ағылшынша оқып жүретін, байқаса, Махамбет ағасы да Холмсқа қызығады екен. Тарихи-рухани кітаптар оқитын еді, қараса ол кісі де оқиды. Арасында видео-монтаж жасаумен шұғылданады. Осылай ортақ қызығушылықтардың желісінде бір-бірлеріне туған бауырдай жақын боп кетті.

Ал Аяз ағасы – білімге өте құштар жан. Сол кезде «Sembol Insaat» құрылыс компаниясында жұмыс жасайтын. Үйдегі жалғыз студент ол болды. Екеуі де оқуға қатысты кітап, қосымша қызықты дүниелер тапса, бірден оған әкеп беретін. Яғни, оның оқуына, білім алуына пәтердің ішінде жағдай жасайтын. Шай ішетін үстелден басқа үстел жоқ екенін байқап, «OLX» платформасына кіріп, жұмыс үстелін тауып, «Қиналмай сабақ оқы», - деп әпергендері әлі есінде. Осы сынды кішкентай боп көрінген акттар, асылында, жас студентке стимул беріп, жарқын келешекке қадам басуына арқау бола білді. (жалғасы бар)

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 17 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: