12:07
Тіл біл

ҚАЗАҚ ТІЛІ

Бесінші сыныпта Шолпан Бөреева есімді мұғалимасы оларға қазақ тілі мен әдебиетінен кереметтей негіз қалап берді. Аптаның белгілі күндерінде сабақ уақытынан тыс сол ұстазымен қосымша дәрістер өтті. Саф көңілге қашалып жазылғандай алған тәлімдері жылдар бойы жадыларында сақталып келуде.

Және бір қазақ тілінде тереңдеу үшін сеп болған, әкесімен бірге айтысты сүйіп тамашлауы еді. Ақындар айтысындағы екі тараптың айтар сөздерін дәптерге тізіп жазып, соларды жаттап, өзімен-өзі айтысатын. Қазақ тіліндегі көркем иірімдер, асыл мағыналы сөздердің көбін сол айтыстардан үйренді. Бүгінде іні-қарындастар «Қазақша қалай әдемі сөйлеуге болады?» десе, «Подкаст тыңдған секілді айтыс тыңдап жүріңіз» деп кеңес береді.

Оқиғадан аңғаратынымыз, бала кезден екі тілді үйрену процесінен өтті. Орыс тілін де 0-ден үйренді, қазақ тілін де қайта игерді. Осының өзі тілдерді салыстыру, саралау сынды қасиеттерді біршама дарыта білгенін түсінді. Себебі ондай құбылыстар адамның қалауынан тыс өмірінде өткерген белгілі бір тәжірибелер нәтижесінде жүзеге асады.

Жылдар өтіп, өздері түрлі тілдер игеріп, дүниетанымдарын одан сайын кеңейте түскенде, сол жолда бала күндерде алған білім негіздерінің маңыздылығын жете түсінді. Әлемдік полиглоттардың айтуынша, адам егер өзінің ана тілінің ережелерін жетік білсе, өзге қандай да тілді үйрену оған қиын болмайды. Себебі тілдердің өзі белгілі қалыптардан, формулалардан тұрады. Егер ана тіліңізді жақсы біліп тұрсаңыз, сондай қалыптың бір бөлшегі өз ішіңізде бар деген сөз. Ана тілін жетік білу – тек ауызекі сөйлесе алу деген сөз емес. Сөйлем мүшелерін, қағидаларын, ережелерін қоса білу керек. Сол нәрсені біліп тұрсаңыз, жаңа бір тілді үйрену кезінде салыстыра аласыз, теңестіре аласыз, солайша оңай түсінуге жол ашасыз.

Мәселен, қазақша сөйлейтін қазақ бала, бірақ есімдік не, бастауыш не, парқын білмейді. Ол адам араб тілін үйренетін болса, оған «дамир» (араб тілі грамматикасында есімдіктерді айтамыз), «мубтада» (араб тілі грамматикасында сөйлемнің басында тұратын бастауышты айтамыз), «хабар» (араб тілі грамматикасында баяндауышты айтамыз) деген сынды дүниелерді түсіндіру қиынға соғады. Себебі өз ішінде салыстырып қарайын десе, ана тілінде ол ұғымдардың не екенін білмейді.

Тіл үйрену кезінде адамның жады, зейіні рөл ойнайды. Жаңа сөздер мен сөйлем құрылымдарын жаттай алу үшін де миы дайын болуы керек. Бала кезден миына салмақ салмаған, ешқандай қара өлең, тақпақ жаттамаған адам өсе келе ауқымды дүниелерді есте сақтауда қатты қиналады. Ми да дене іспетті, аз-аздан салынатын салмақты ұлғайтып отыруға мұқтаж. Қысқа нәрсе жаттаудан бастасаңыз, уақыт өте ауқымды нәрселер жаттай алатын боласыз. Ал енді дайын емес миға ауқымды ақпаратты төгіп жібергенде, ол оны көтере алмайтыны белгілі. Сол үшін де қазақ ақындарының өлеңдерін жаттау, көп әдеби кітаптар оқу – тілдерді тез үйрене алудың алғашқы қадамдары. Мидың азығы – ой. Ал ойлау, ойлану – жаңа нәрсе оқудан, жаңа білімдерді игеруден туады.

«Білім алуды тоқтатқан әрбір адам, 20 жасар немесе 80 жасар ма, маңызды емес – қартаяды. Білім алуды жалғастыра беретін адам – жас қалпында қалады. Өмірде ең маңыздысы – миды жас қалпында сақтап қалу», - дейді Генри Форд ақсақал. Сол себепті егер бала кезіңізді өткізіп алсаңыз, дәл бүгіннен бастап әрекет етуге, білім алуға кеш емес екенін де білдіргіміз келеді. Бір ақиқат – адамның тыны ы үзілмейінше, мүмкіндік есіктері жабылмайды.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 15 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: