09:08
Шұғылалы шешендік

БАЙДАЛЫ мен ХАНЫМ

(Екінші түрі)

Абылай өлерінде Байдалы биді шақырып алып: «Жылым толған соң, маған ас береді, сол асты сен басқар», - деп тапсырыпты. Байдалы кедей болыпты. Абылайдың асына мініп баруға 17 мың жылқы біткен Алда менен Жұманнан ат сұратып жіберсе, олар бермепті. Бұдан кейін өзінің бай інісіне жіберген екен. Ол: «Тоқсан сегізге келгенде қаңғырмасын, айдалада өліп қалса, берген атымды жат біреу босқа пайдаланып кетеді», - деп ол да ат бермепті. Он бес мың жылқы біткен Игілік байға жіберсе о да бермепті. Ағайыннан күдер үзген соң, Ақмола базарына жіберіп бір жақсы ат сатып алдырған екен, ол аты ауырып өліп қалыпты. Өстіп жүргенде ас өтіп кетіп, асқа жиылғандар ертең тараймыз деп отырғанда Байдалы келіпті. Абылайдың бәйбішесіне амандасамын деп, ханымның үйіне келіп, ханымға сәлем беріп, қолын соза бергенде, ханым Байдалының қолын таяқпен қағып жіберіп: «Шық үйден!» - деп ақырыпты. Сонда Байдалы би былай деген екен:

Қатын шайпау, ұл тентек,

Екеуледі, ей-ханым!

Уа, қиналды-ау, жаным!

Өтпес пышақ, шабан ат

Төртеуледі, ей-ханым!

Уа, қиналды-ау, жаным!

Біріншіден, не жаман,

Біртіндеп жиған мал жаман.

Екіншіден, не жаман, ханым?

Ерегіскен ер жаман, ханым.

Уа, қиналды-ау жаным!

Үшіншіден, не жаман?

Үлгісіз пішкен тон жаман, ханым!

Төртіншіден, не жаман, ханым?

Төресіз өскен ел жаман, ханым!

Бесіншіден, не жаман, ханым?

Бесіктегі жас бала

Жетім қалса сол жаман, ханым!

Алтыншыдан, не жаман?

Алты қанат ақ орда

Иесіз сол жаман, ханым!

Жетіншіден, не жаман, ханым?

Желегі басынан түспеген,

Жаңа түскен келіншек

Жесір қалса сол жаман, ханым!

Уа, қиналды-ау, жаным!

Сегізіншіден, не жаман, ханым?

Сергелдең болған жоқ жаман, ханым!

Тоғызыншыдан, не жаман?

Тоңқая масақ термеген,

Өз күнін өзі көрмеген,

Тоқсанға келген шал жаман, ханым.

Уа, қиналды-ау, жаным!

Оныншыдан, не жаман, ханым?

Ұзындығы он табан,

Көлдеңені бес табан,

Қазулы тұрған көр жаман.

Уа, қиналды-ау, жаным!

Он біріншіден, не жаман, ханым!..

Бәрін айт та, бірін айт,

Бәрінен де жоқ жаман, ханым!..

Жоқтық деген шіркін-ай,

Көрейін сені деп пе едім.

Көңілім саған не жаздым,

Айтқан сөзді кектедің,

Аяғым саған не жаздым,

Алуға қандай епті едің?

Жүруге қалай шеттедің,

Қолым саған не жаздым,

Жұдырықтай басымды,

Жиналып салдың базарға

Бітті ме менен кектерің!

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 10 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: