09:34 Шұғылалы шешендік | |
ЕР ҚАРТАЙДЫ, МАЛ ТАЙДЫ (Бір түрі) Уәли хан қайтыс болғанда Айғаным ханымға Байдалы шешен былай деп көңіл айтқан екен: Ер қартайды, мал тайды, Қара көзден нұр тайды. Екеуледі, ей-ханым! Мініп келер белді ат жоқ, Еріп келер жолдас жоқ, Үшеуледі, ей-ханым! Келін шайпау, ұл тентек, Толып жатыр кем-кетік. Төртеуледі, ей-ханым! Етік тозды, ұлтан жоқ Қадір білер сұлтан жоқ Бесеуледі, ей-ханым! Қажыр қайтты, күй тозды, Бастағы тігер үй тозды, Алтаулады, ей-ханым! Айта берсем қапам көп, Жағасы бүгін шапан жоқ, Жетеуледі, ей-ханым! Келмейін деп жүргем жоқ, Келгендер көп, берген жоқ Мен келдім, Уәли келген жоқ, Сабыр қылыңыз, ей-ханым! баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
