23:09 Шұғылалы шешендік | |
ЕКІ ЖАҚСЫ ДОС БОЛСА? (Балаби айтты дейтін сөз) Екі жақсы дос болса, Біріне-бірі өш болмас. Тәңірі берсе жігітке, Мал мен бақыт кеш болмас. Бақ қонбайтын жігітке, Іздегені дос болмас. Бұлақсыз сай тасығанмен көл болмас, Жаманның қанша айтқаны ем болмас. * * * БӨРІЛІ ТАУДАН АСПАҒАН (Досбол би айтты дейтін сөз) Бөрілі таудан аспаған, Бедеуге қамшы баспаған, Алысқа сапар шекпеген, Ат қадірін білмейді. Жақсы тағам ішпеген, Жайлы орынды көрмеген, Жат қадірін білмейді. Қыста соғым соймаған, Қозы етіне тоймаған, Ас қадірін білмейді. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
