21:59 Шұғылалы шешендік | |
ӘДІЛ БИДІҢ КЕГІ ЖОҚ (Шауыпкелдінің айтқаны дейтін сөз) Батпағы бар көлдерден, Су ішетін сай артық. Қамшылатқан шабаннан, Өзі жүрген тай артық. Ас болмайтын арықтан, Достың берген наны артық, Жаманмен жолдас болғанша, Аулақ жүрген көп артық. Әділ бидің кегі жоқ, Білімді туған жігіттің, Әділ биден кемі жоқ. * * * КӨШ БАСТАУ ҚИЫН ЕМЕС (Бұқар жырау айтқан дейтін сөз) Көш бастау қиын емес, Қонатын жерде су бар. Қол бастау қиын емес, Шабатын жерде жау бар. Шаршы топта сөз бастау қиын, Шешуін адам таппас дау бар. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
