13:34 Шұғылалы шешендік | |
САРЫ ШУАШ ШЕШЕН Найманнан шыққан Сары Шуаш деген кісі шешен болыпты. Бірақ өңі қораш, қортықтау кісі екен. Сол бір уақыт керей ер Жәнібектің ауылына құн даулап келіпті. Оны Жәнібек қомсынып, былай депті: - Сен кемсек ауыз, жарғақ құлақ, Жылқыға суат болмас ылайсың, Астыңа ала шолақ ат берсе, Алтай мініп арытпассың. Қолыңа қырық кез оқ берсе, Дұшпанға бірін атып дарытпассың, Сен би болып та жарытпассың. Менің дауысым Қазыбекке тартқан, Сүйегім Шақшақ жәнібекке тартқан. Сен мына түріңмен не үміт қылып келдің? Сонда Сары Шуаш би: Сен де Құдайдың құлы екенсің, Керейден мойның асып тұр екенсің. Дауысың Қазыбекке тартса, Сүйгеің Шақшақ Жәнібекке тартса, Өзіміздің арғын ағаның ұлы екенсің! – депті. Жәнібек «Жарайсың!» деп арқаға қағыпты. Сөзден шығып Сары Шуаш би бітім алып қайтыпты. Ер Жәнібектің «дауысым Қазыбекке тартқан» дегені – нағашысы қараскесек болса керек. «Сүйегім шақшақ Жәнібекке тартқан» дегені, ол өзін Жәнібектен тудым деп санайды екен. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |