16:38 Шұғылалы шешендік | |
ТҰЯҚҚА ТҰЯҚ Орта жүз бен Кіші жүздің арасында бір мал дауы болып, Орта жүз адамдары неше рет келіп, малын ала алмайды. Соңғы рет келе жатқанда, Сырымға жолығып, жөн сұрапты. - Уа, азаматтар! Жол болсын! Билеріңде тыным жоқ, биелеріңде құлын жоқ, неткен жолаушысыңдар? – дейді Сырым. Жолаушылар жай-мәнісін айтады. Сырым қосыла жүреді. Кіші жүздің ханына келіп ел дауын айтады, бірақ екі елдің арасы бітімге келе алмайды. Сонда Сырым екі ел арасының бітімін көздеп, ханға: - Бір дауды шеше алмасаң сен не ғып хан болып отырсың, құлаққа құлақ, тұяққа тұяқ емес пе? – дейді. Хан сөзден тосылып малдың тұяғына тұяқ басына бас беріп, Орта жүзді разы ғып қайырыпты. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |