23:08 Шұғылалы шешендік | |
ЖАР БАСЫНА ҮЙ ТІКПЕ (Айтқожа шешен айтқан сөздер) Жар басына үй тікпе, Жар құласа – үй кетер. Ала болса ағайын, Рулы елден күй кетер. Ағайын ала болғанда, Ауыздағы ас кетер. Аңдыған дұшпан күшейіп, Жау қолында бас кетер... * * * Құлақтыға сөз айтсаң – Құлағының астында. Құлақсызға сөз айтсаң, Құба қырдың астында. Айтса болар ұққанға Айтып-айтпай немене, Екі құлағын тас қылып, Мақта мен жүн тықанға. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |