09:31 Сөз-сөйлеу сырлары | |
СӨЙЛЕУДЕН КЕЙІН... Үш санының риторикадағы маңызы Алаш халқын ағартамыз деп, қуғынға ұшыраса да, өз миссияларынан бас тартпаған, халқына адал қызмет еткен ҮШ БӘЙТЕРЕГІМІЗ бар:
ХХ ғасырда Мұқағали Мақатаев та «ҮШ БАҚЫТЫМ» деп жырлап, туған жеріне деген махаббатын үштік арқылы білдіріп кетті: Ораторлық әлемде бұдан да үштіктерді жиі ұшырастыруға болады. Журналистер сюжет жасап үйренгенде пайдаланатын қарапайым үштік формула бар:
Яғни, сіздің тараптан берілген кез келген ақпарат, ой, идея міндетті түрде адамдарға қызықты, әрбір сөзі түсінікті, сонымен қатар әрбір жанның жеке бас қызығушылығын қанағаттандыратындай болуы керек. Бір сәт елестетіп көріңізші: Сіз қызық оқиға айтып жатырсыз, бірақ көпшілік түсінбей отыр. Адамдар түсінбесе де, әдемі, құлаққа жағымды әңгіме тыңдағандай болады. Бірақ басқа тілде. Түсініксіз. Пайдасы – нөлмен тең. Адамдарға «Бәрекелді!» деп қол соқтырғаннан басқа пайдасы жоқ. Ду қол шапалақ – біз қойған мақсат, сіз күткен нәтиже емес деп ойлаймын. Немесе сіз өте пайдалы, құнды ақпарат беріп жатырсыз. Баршаға түсінікті, қарапайым тілде. Бірақ адамдарға қызықсыз. Халық қанша тырысса да, сізді тыңдау мүмкін емес, іш пыстырарлық. Бірі ұйқыға, енді бірі тіпті сыртқа шығып кетеді. Сіздің діттегеніңіз де бұл емес шығар деп ойлаймыз. Ал енді сіз өте қызықты, түсінікті ақпарат дайындадыңыз делік. Халықты елітіп, құнды ақпарат беріп жатырсыз. Бірақ сіздің ақпаратыңыз әр пенденің жеке бас проблемасына да қатысты, өмірінің бір сұрағын болса да шешуіне көмек тигізу керектігін ұмытып кеттіңіз. Адамдар сіздің жиналысқа не үшін келгенін ұқпай да қалды. Бұл – бос уақыт өткізу. Тыңдады, есіктен шыға бере ұмытып кетті. Бұл да сізді күткен нәтижеге жеткізбейді. Халыққа үнемі қызықты болу керек, түсінікті жеткізу керек, міндетті түрде пайдалы нәтижеге қол жеткізетіндей болу керек. Қай кезде болсын, бір нәрсені бастар алдында санақты алғашқы үш саннан бастаймыз: «Бір, екі, үш... басталды!» Тез жатталатын сөздер де үштіктен құралады. Мысалы, «Оқы, оқы және оқы», «қысқа сөйле, аз сұра, тез кет». Осы жерде бір қысқаша мысал келтіре кетсе. Сіз балаңызды дүкенге жұмсадыңыз. Үйге сүт, нан және май алу керектігін айттыңыз. Бала осы үшеуін есіне сақтап алады және қателеспей үшеуін сатып әкеледі. Ал қосымша: «Қаймақ та ала сал!» - десеңіз, төртінші затты ұмытып кетуі әбден мүмкін. Біздің жадымызға үштікті есте сақтау оңай. Бәлкім, жаратылысымыз, болмысымыз солай. Үш сөзді қатар айтқанда өлең секілді әуезді естілетіндігінен болса керек деп ойлаймыз. Ел алдына шығып жүрген спикерлердің барлығы дерлік үштік ережесін пайдаланады. Тарихта қалған көптеген шешендік сөздерден де кездестіре аламыз. Мысалы, Юлий Цезарь өз сөзінде «Келді – Көрді – Жеңді» үштігін, Генерал Мак Артур «Парыз. Намыс. Жер» үштігін, ал Томас Джефферсон «Әрбір адам өмір сүруге, еркіндікке және бақытқа ұмтылуға құқылы» триадасын қолданған. Үштіктің ережесін біліп, оны өз сөзіңізде орынды қолдана білсеңіз, сөзіңіз ел есінде қалып, ораторлық өнерде жетістікке жетеріңіз сөзсіз. Ұзақ мәтінді есте сақтау үшін де үшке бөлгеніңіз жақсы. Қандай да бір пост немесе мақала жазып ең өзекті деген үш пунктті бере білсеңіз, ел есінде қалады. «Біріншіден, екіншіден, үшіншіден» деп бөліп берген ақпарат халыққа ұғынықты боларын ұмытпаңыз. «Жиырма төртіншіден» деген ақпарат естіп отырғаныңызды елестетіңізші. Үштіктің ережесі сіздің жеткізгіңіз келген ойыңыздың астын сызып көрсетеді. Идеяларыңыз бен өз пікіріңізді айқын көрсетуге себеп болады. Солайша, ел есінде мәңгілік сақталады. Ал сізге тағы бір үштік ережесін ұсынайық. Сөйлемес бұрын сөзіңіз әрдайым үш сұрақтан өтсін:
баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
