23:05 Сөз-сөйлеу сырлары | |
СӨЙЛЕУДЕН КЕЙІН... Үш санының риторикадағы маңызы «Қарыздан құтылудың 3 жолы» деген тақырып жеңіл ме, «Қарыздан құтылудың 17 жолы» деген бе? «Бақытты болуға 3 қадам» деген тақырып көрерменді тарта ма, «Бақытты болуға 27 қадам» деген бе? Әрине, адамдар уақыттың тығыздығына байланысты және бұл мәселелерден тезірек құтылу үшін 3 санын таңдайды. Тартымды тақырып қою үшін, ел есінде қалу үшін 3 санының маңызы зор. Егер бағдаршам үш түрлі емес жеті түрлі түсте болса не болар еді? Байқасаңыз, өмірде үш санын жиі кездестіреміз. Балалық шақта ертегілерде кездестірдік. «Үш аю», «Үш ағайынды», «Үш тілек». «Бір байдың үш баласы болыпты» деп басталатын ертегінің алғашқы сөйлемі «бір байдың он үш баласы болыпты» деп басталса, оқиға барысында қай баласы, не істеп еді деп ертегіні жатқа айту да қиынға соғады. Ал қазақ ертегісі «Ертөстікте» тоғыз ағайынды деп тұтас айтады да, Ертөстіктің бір өзін бөліп жарып жеке айтады. Басты кейіпкерлер тоғыз ағайынды және Ертөстік болып оқиға барысында екі персонаж ғана бар сияқты көрсеткен. Олипиадалық ойындарда да басты үш қағида бар: жылдам, жоғары, күшті. Қазіргі кез келген банк бізге өз қызметін ұсынғанда үш сөзбен уәде береді: нақтылық, бейімділік, сенімділік. Әлемді дүрліктірген ковид ауруынан халықты сақтандыру үшін, әрі бұл үндеу халыққа оңай әрі тез жету үшін көшеге ілінген билбордтағы үш сөзден тұратын жазуға назар салыңыз: Өзіңді сақта! Жақындарыңды сақта! Бетперде ки! Егер осындай жағдайларды «үштіктің ережесі» деп алатын болсақ, бұл ереже ораторлық өнерде де көрініс табады. Тіпті кез келген мәтіннің өзін үш бөлікке бөлеміз: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды. Шешендік өнерде алғашқы үштіктің ережесін Аристотельдің еңбектерінде кездестіреміз: оратор – сөйлейтін сөз – аудитория. Ежелгі грек философы өз еңбегінде: «Үштік – кемелдіктің көрінісі: басы, ортасы және соңы», - дейді. Риториканың өзі үштікті қамтиды: монолог, диалог, полилог. Оратордың сыртқы келбетінің өзі үш құрылымнан тұрады:
Қазақ шешендік өнері де үштіктен кенде емес. Тіпті, қазақ халқының:
Өзіміздің атақты ҮШ биіміз бар:
баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
