23:14 Сөз-сөйлеу сырлары | |
463 МИЛЛИОН ДОЛЛАР ТАБЫС ӘКЕЛГЕН ТҮЙІН СӨЗ Тағы бір оқиғаны мысал етсек... Екі көзі мүлдем көрмейтін зағип кісі адамдар жиі жүретін орында таңертеңнен кешке дейін отырып, қайыр сұрайтын. Оның жанында қорап тұрады. Онда жұрт салған ұсақ тиындар жатады. Әлгі кісі мойнына «Мен соқырмын, Құдай үшін көмектесіңдер» деп жазылған қағаз ілінген болатын. Олай-бұлай өтетін адамдардың арасында соқырды аяп, тиын-тебен тастайтындар сирек. Содан болар, ол ерте келіп, кеш қарайғанша отыратын. «Бәлкім, біреулер мейірі түсіп, бірдеңе беріп қалар» деген үміт оны осылай қысы-жазы күнұзақ отыруға итермелейтін болса керек. Бірде әлгі кісінің жанына келіп тоқтаған қыз оның мойнына ілінген қағазын сұрады. «бұл неге керек» деген оймен таңданса да, соқыр оған қағазды берді. Әлгі қағаздағы жазуды басқа жазумен өзгерткен қыз қатырма тақтаны өзіне қайтып берді де жөніне кетті. Сол-ақ екен жанындағы картон қорапқа тиындар қарша жауа бастады. Осылайша кешке дейін картон қорабы ақшаға толды. Мұның себебін түсіне алмаған соқыр аң-таң. Кешкісін жұмыстан қайтқан бағанағы қыз оның қасына келіп тоқтады. Содан кейін: «Міне, көрдіңіз бе, енді табысыңыз басқаша», - деді. Оның даусынан таныған соқыр кісі: «Сен не істеп қойдың?! Маған осы арадан өткен жұрттың бәрі тиын тастап жатыр, - деді таңырқап. Қыз оған: «Мен бар болғаны мойныңызға ілінген тақтадағы сөзді басқа сөзге ауыстырып жаздым», - деп жауап берді. Ол бұрынғы сөздің орнына «Мына дүние қандай тамаша, бірақ мен оны көре алмаймын...» деп жазған еді. Оның мына сөзі өткен-кеткендердің бәрінің жүрегін елжіретіп, қатты әсер етті. Аяушылық сезіміне бөленген адамдар көз жанарынан айырылған әлгі кемтар жанға жанашырлық сезімі оянып, картон қорабына тиын салды. Бұл жерде екі түрлі айтылған сөз бір мағынаны берсе де, адамдарға, өміріңіз бен табысыңызға әсер етуі әртүрлі болатынын көрсетіп тұр. Зағип кісінің жеткізгісі келген «message»-і: «адамдарда аяушылық сезімін оятып, қайыр сұрау» еді, бірақ өзі дұрыс жеткізе алмағаны себепті табысы аз болды. Ал адамдардың сезіміне әсер ететін сөздермен ауыстырғаны сол еді, табыс бірден артты. Демек, «түйін» чөздің тағы бір қызметі – адамдардың сезіміне әсер ету. Кәсіпкер досы тренингке қатысты, олар бара алмады. Ол тренингтен шыққан соң алған әсерімен бөлісуін сұрады. Ол әуелі компанияның беделді өкілі, маркетинг саласының майталманы сөйлегенін айтты. Әрі жақсы ақпаратпен бөлісті: олар супермаркетке барған кезде қолдарында нақты тізім болмаса, жоспарда жоқ артық нәрселерді де сатып алып қояды екен. Ол келесі жолы міндетті түрде тізім жасап шығады, оған осыны үйретті деді. Одан кейін тағы бір үлкен компанияның маркетинг саласының қызметкері сөйледі, сауда-саттыққа қатысты пайдалы ақпараттар айтты, бірақ нақты не айтқаны есінде жоқ деді. Қалай ойлайсыздар? Қай спикердің «түйіні» елге жетті? Әрине, алғашқы сөйлеуші негізгі түйінді халыққа жеткізе білді. Сіз де не айтамын деген ойыңызды алдын-ала жоспарлап алыңыз. Тағы айтатын мәселе: кез келген ортада сөйлейтін сөзіңізді, айтатын мәтініңізді түгелдей жаттамаңыз! Кіріспе бөлім мен қорытынды бөлімдегі айтар сөзіңізді толықтай сенімді айту үшін жатқа білсеңіз болады. Бірақ оның өзін бір сарынмен, зырылдатып айып шығудан аулақ болыңыз. Ал негізгі бөлімді жаттаудың орнына есте сақтаңыз. Есте сақтаудың ережесі – қысқа ғана нұсқаулықтар, яғни, тірек сөздерді жазып алу. Мысалы, ол осы курсты өту барысында мынадай нұсқаулықтар жазып алды:
Міне, осындай қысқа нұсқаулықтар оның сөзін жүйелеуіне, айтар ойынан адасып қалмауына көмек береді. Тіпті ол бұл нұсқаулық қағазды жоғалтып алса да, тауып алған адам ештеңе ұқпайды, түсінбейді де. Сіз де, құрметті оқырман, сөйлемес бұрын нұсқаулықтар жазу арқылы есте сақтап отырыңыз. Егер маңызды жиынға дайындалып үлгермесеңіз, міндетті түрде айтар ойңызды 3 пунктке бөліп алыңыз. Мәселен, кәсібіңіз туралы сөйлейтін болсаңыз:
Бағдаршамның 3 түсіндей осы 3 нұсқаулық сізді айтар ойыңыздан адастырмауға үлкен пайдасын тигізеді. «Бірді айтып, бірге кете бердім ғой», - деп сөз арасында халықтан кешірім сұраушылар осы заңдылықты сақтай білсе, сөз жүйесінен адаспайтын еді. «Не айтып, не қойғанын өзі білмейді», - деген сынды әдетте сөзін неден бастап, қай жерден аяқтайтынын білмейтін адамдар естиді. Ал тірек сөздерді немесе мәтінді 3-ке бөлу әдісін қолданушылар ойын орнықты жеткізе алады. Маңызды жиында айтатын мәтініңізді мүмкіндік болса, кішігірім ортада алдын-ала айтып көріңіз. Ол жора-жолдастарыңыздың ортасында, үй ішіңізде, жұбайыңызға, аға-бауырларыңыз болуы мүмкін. Бәлкім, олардың келіспейтін пікірі бар шығар. Бәлкім, олар қойған сұрақты ертең сізге аудиторияда біреу қойып қалар. Бұл алыдн-ала дайындалуға сізге үлкен көмегін тигізеді.
Тапсырма Өзіңізге ұнайтын хобби туралы видеоға жазып, сөйлеп көріңіз:
баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |