15:03
Сөз-сөйлеу сырлары

463 МИЛЛИОН ДОЛЛАР ТАБЫС ӘКЕЛГЕН ТҮЙІН СӨЗ

Егер сізге қандай да бір ортада бір аптадан кейін немесе бір айдан кейін сөйлейсің деп тапсырма берілсе, тіпті ешкімнен тапсырма келмей-ақ ертең бір жерде сөйлейтініңізді білсеңіз, өзіңізге «Мен не үшін сөйлеймін?» деген сұрақ қойып көріңіз. Сөйлеудегі мақсатыңызды анықтап алыңыз. Сөйлеудегі мақсатын білмеген адам – ол бағытсыз кеме сияқты. Қай жағалаудан шыққаны, қай жаққа бара жатқаны белгісіз. Мақсат әртүрлі болуы мүмкін:

  • Біреудің мақсаты – жай ғана ақпарат жеткізу;
  • Біреудің мақсаты – тауар сату;
  • Біреудің мақсаты – күлдіру;
  • Маған дауыс беріңіздер деген сияқты үндеу т.с.с.

Бірақ сіз 1 минут сөйлесеңіз де, 1 сағат сөйлесеңіз де, тіпті 5 секунд сөйлесеңіз де, «мен не үшін сөйлеп тұрмын?» деп, айқын мақсатыңызды анықтап және одан тайқып кетпеңіз. Мақсат айқын болғанда ғана сіздің дайындығыңыз да жеңіл әрі мықты болады. Шынайы мақсатты қалай анықтаймыз десеңіз, жоғарыда келтірген «Мен не үшін сөйлеймін?» деген сұрақты бірнеше рет қайталап қойып көріңіз. Шынайы қажеттілігіңіз бен қалауыңызды тапқанға дейін қойыңыз. Сол шынайы қажеттілігіңіз сізге мақсат береді, мақсаттан мотивация туындайды, мотивация ел алдында барынша барлық әдістерді қолданып – халықты жылатып та, күлдіріп те, ой салып та, ойнатып та – керемет сөйлеп шығуыңызға күш береді.

PR-менеджерлердің сөйлеу барысында ұстанатын ерекше ұстанымы бар. Олар өздері «message» деп айтады, біз оны қазақшалап «түйін сөз» деп алдық. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» дегенді талай мәрте естіген шығарсыз. Қанша уақыт сөйлесеңіз де елге жеткізетін түйінді үнемі назарыңызда ұстаңыз. Ол «маған дауыс бер», «темекіні тастасаңыздар» тағы сол сияқты сөздер болуы мүмкін. Ең бастысы, түйін сөзіңіз сіз сөйлеп болғаннан кейін аудиторияның есінде қалатындай болсын.

Америкалық белгілі режиссер Гарри Маршаллдың кино әлемінде орны орасан зор. Кинопрокатта 463000000 доллар тапқан тұңғыш адам. АҚШ-тың кино саласында жүрген жас мамандары сол кісіге келіп: «Гарри мырза, біз де кино түсіріп жатыр едік, жалпы мына киноға ақша салу керек пе, керек емес пе, бұл кино табыс әкеле ме, әкелмей ме, оны алдын-ала қалай білеміз?» - еп сұрағанда, атақты режиссер бір ауыз сөзбен былай жауап беріпті: «Егер көпшілік кинодан шыққан соң сол уинодағы бір фразаны, яғни бір фишка сөзді жаттап шықса, ол кино міндетті түрде танымалдылыққа ие болады, табыс әкелетін кино сол болады». PR менеджерлердің «message», біздің «түйін» деп жатқанымыз – ол «фишка», елге жеткізетін сөз анық болуы керек.

«Менің атым – Қожа» фильмін көрмеген қазақ жоқ шығар. Сол кинодан қандай сөз есімізде жатталып қалды? Иә, Қожа.

- Тентек болып балалармен төбелесетін кім?

- Қожа.

- Жаман сөздер айтатын кім?

- Қожа.

- Тәртіпсіздік жасап, сабақтан кешігетін кім?

- Тағы да Қожа.

Немесе режиссерін миллионер атандырған отандық кино – баршаңызға әйгілі «Бизнес по-казахский в Америке». Фильмнен барлығымыз жаттап шыққан сөз «I go to school»(жалғасы бар)

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 27 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: