16:35
Сөз-сөйлеу сырлары

ОРАТОРЛЫҚ ӨНЕР НЕ ҮШІН немесе КІМ ҮШІН ҚАЖЕТ?

Кәсіпкер болғандықтан жарнаманың басым бөлігі әлеуметтік желіде жасалады. «Пост жаза алмаймын, копирайтер жалдау шығын. Тікелей эфирге шықсам, 2-3 минутта айтарым таусылып қалады», - деген бизнес өкілдерін де көрдік. «Мемлекеттік қызметкер едім, журналистермен тілдесуде біліп тұрған ақпаратымды айта алмай қаламын, басшылық тарапынан сөгіс те алып үлгердік», - дейтін кісілермен де жұмыс істеуге тура келді. Айта берсең, мәселе көп. Бірақ сол оған келген хаттардың арасынан Астана қаласынан көркем есімді дәрігердің оқиғасы қатты әсер етті.

«Курсқа келгендегі себебім жұмыста жасы үлкен бір ақсақалға система салып жүргенмін. Ол кісі бірде таңғы уақытта келсе, бірде кеш келеді. Кейде тіпті келмей қалады. Ал система күнделікті бір уақытта құйылмаса, науқасқа еш әсері болмайды. Содан бір күні әлгі атамызға: «Ата, 10 күндік системаңыз 20 күнге созылып кетті ғой. Бірде таңда, бірде кешке келмей үнемі бір уақытта келмейсіз бе? Алыста тұрсаңыз, бала-шағаңызға айтыңыз, күнделікті бір уақытта әкеліп тұрсын», - деп айтқаным сол еді, қарт кісі еңкілдеп жылай бастады. Сақалынан жас тамшылап отырған үлкен адамды көріп бәріміз абдырап: «Ата, тыныштық па, денсаулығыңыз мазалады ма?» - деп бәйек болдық. «Еее, шырағым-ай, мен жетіскеннен кешігіп жүргем жоқ. Отбасым жол апатына түсіп, қартайған шағымда бала-шағамнан көз жазып қалдым. Жүрек мазалаған соң келіп жүрген жоқпын ба осы системаңа?...» - дегенде, төбемнен жай түскендей болды. Университет қабырғасында жүргенде аудиторияда «Адамның тәнінен бұрын жанын емде» деген Ибн Синаның сөзіне мән бермейтін едік. Соны енді түсіндім. «Өзі қалт-құлт етіп отырған қарияның қайғысын үдетіп, жүрегін ауырттым-ау. Енді оған қандай дәрі берсем де жазыла қоймайды ғой» деген ой жегідей жеді. «Неге мен науқас адаммен тілдеспедім, неге алдымен оның тыныс-тіршілігімен танысып көңіл-күйіне әсер ететін сөздің ретін тауып айта алмадым» деген өкініш өзегімді өртеп сізге келдім», - деді.

Шындығында, әрбір мамандыққа артық етпейтін, жай ғана мамандығын меңгеріп қоймай, үлкен табысқа жетемін деген жан үшін аса қажет қабілет – сөйлей білу. Сөйлеу – қабілет, ал сауатты сөйлеу – үлкен өнер.

Саясаткерлер, кәсіпкерлер өзінің имиджін қалыптастыратын мамандарды таңдағанда бірден-бір қоятын талабы – ел алдында сөйлейтін мәтінін дайындап беретін сауатты маман іздейді. PR-мамандар жеке тұлға қалыптастыруға жұмыс жасайды. Олардың жүріс-тұрысынан бастап ел алдында сөйлейтін сөзіне дейін дайындайды. Бірақ PR-мамандардың өзі шешендік өнердің барлық қыр-сырын үйрете алмауы мүмкін.

Ораторлар көп шықты деген Грек тарихында шешендік өнерді дамыту үшін мынадай тәсілдер қолданылған. Афиныны басқарушы ақын Солонның «сот ісінде адамдар өзін-зі қорғасын» деген заңы пайда болды. Бұл заң бойынша, Афинының әрбір азаматы өз мүддесін өзі қорғауға тиіс еді. Сотта өзін қорғау үшін қызыл тілге жүйрік болуға тиіс. Осыған байланысты сот алдында айтылатын сөзді алдын-ала даярлайтын сөз шеберлері (логографтар) көптеп пайда болған еді. Оратор Демосфен алғашында осындай логограф қызметін атқарған болатын. (жалғасы бар)

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 11 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: