10:35
Сөз-сөйлеу сырлары

ОРАТОРЛЫҚ ҚАБІЛЕТТІ АНЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН ТЕСТ

1. Сізге көпшілік алдына шығып сөз сөйлеу керек. Дайындықты неден бастайсыз?

А) Кітап оқудан

В) Тақырып ойлап табудан

С) Дәйексөздер жазудан

 

2. Сахнаға шығуға дайындықты қай жерде және қалай бастайсыз?

А) Сахнаға шығуға жарты сағат қалғанда

В) жұмыс уақытында

С) Кез келген жерде

 

3. Сөйлейтін сөзіңізге қажетті ақпаратты түртіп алып жүресіз бе?

А) Жоқ, дайындықсыз сөйлей аламын

В) Ыңғайы келгенде

С) Міндетті түрде

 

4. Сідің йыыза, алға апаратты қандай көлемде ұсынған дұрыс?

А) Барлық ақпаратты жинап, тек бір бөлігін ұсыну

В) Керекті деген бөлігін

С) Барынша көбірек берген дұрыс

 

5. Дайын мәтінді жаттап аласыз ба?

А) Жоқ, оқып шығуға болады ғой

В) Әрине, солай ыңғайлы

С) Жаттамаймын, бірақ көп оқып дайындаламын

 

6. Маңызды сөз сөйлердің алдындағы бір күніңізді қалай өткізесіз?

А) Әдеттегідей бірқалыпты

В) Түнімен дайындаламын

С) Жақсылап демаламын

 

7. Сахнаға шығардың алдында тойып тамақтану керек дегенге көзқарасыңыз?

А) Дұрыс

В) Аш болған дұрыс деп ойлаймын

С) Аздап тамақтанамын

 

8. Сахнада аудиторияның назарын қалай өзіңізге аударасыз?

А) Көзге түсетін киім киемін

В) Үстел үстіне гүл қойып қоямын

С) Кідіріс жасап сөйлеймін

 

9. Егер үлкен көлемді ақпарат есте сақтау керек болса, не істейсіз?

А) Жаттап алғанша қайталаймын

В) Дауыстап оқимын

С) Тірек сөздерді пайдаланамын

 

10. Сөзіңізді неден бастар едіңіз?

А) Анекдоттан

В) Нақыл сөздерден

С) Қызықты оқиғадан

Әрбір А жауабы үшін – 1 балл

Әрбір В жауабы үшін – 3 балл

Әрбір С жауабы үшін – 4 баллдан қойып, қосып шығыңыз.

Тест нәтижесі

0-ден 15 баллаға дейін. Сахнаға шығу тәжірибеңіз аз, сәйкесінше сөйлеу дағдыларын қалыптастырып үлгермегенсіз. Ораторлық шеберлікті үйренудің әдіс-тәсілдері өте көп. Өзіңізге ұнағанын таңдап, дағдылансаңыз болады. Бастысы – өзіңізге сенімділік пен үздіксіз еңбек қажет.

16-дан 36 баллаға дейін. Сізде тәжірибе орта деңгейде. Сахна әлемінің қызығы мен шыжығы біршама таныс. Қай жерде қандай қателіктер жіберетініңізге талдау жасап, келесі жолы қайталамауға тырысыңыз. Сонда сахнадағы сөзіңіз қызықты бола түседі.

37-ден 50 баллаға дейін. Сіз ораторлық өнердің қыр-сырын жақсы білесіз. Аудиториямен байланыс жасау сізге қуаныш сыйлайды. Дегенмен аудиториямен жылдам әрі жеңіл диалог орната алатыныңызға әбден сеніп алмаңыз. Дайындық – ең ұтымды құрал. 

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 7 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: