09:01
Риясыз рух

ИСЛАМДА ЖАН САУЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ПРАКТИКАЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР

3. Адамның өзімен болған қарым-қатынасы

Тәуекелшіл болу

Тәуекелшіл болу үшін адам ең әуелі тәуекелдің не екендігін және тәуекел ету техникасын жақсы түсініп алғаны жөн. Тәуекел – иман қақпаларының бірі. Ал иман болса – Аллаға деген сенімді жүрекпен терең бекіту. Демек, тәуекелдің иманмен тікелей байланысы бар. кейбір адамға дұрыс тәуекел ете білуді түсінудің қиынға соғатын себебі, тәуекелдің екі ұшы бар. бір ұшы руханиятпен, екінші бір ұшы дүниелік себептермен жалғасып жатыр. Көп адам осы тұста қателеседі. Біреулер дүниелік себептерге ғана сүйеніп тәуекел қылса, енді біреулері себептерді орындамастан тәуекелге бас ұрып жатады. Бір сөзбен айтқанда тәуекелдің екі ұшы екі жақта қалып қояды. Бұлай жасалған тәуекел толық болып есептелмейді.

Тәуекел толық болу үшін оның екі ұшы бір-біріне жалғануы тиіс. Мәселен, дүние – себептер әлемі. Алайда тек себептерге ғана сүйену және сену – иман тұрғысынан Аллаға серік қосу болып табылады. Ал себептерге немқұрайлы қарап, оларды ескермеу – Алланың дүниеге қойған заңдылығы мен жүйесіне қарсы келу. Сондай-ақ себептерді ескермеу – ақылға қиянат және надандық дертінің көрінісі. Демек, тәуекел – рухани бір хәл, білім – оның іргетасы, себеп пен іс-әрекет һәм амал болса – оның жемісі. Бұдан шығатын тұжырым: "«әуекел адамның қандай да бір істе жетістікке жетуі үшін харекет қылып, барлық себептерді, қолынан келген мүмкіндіктерді ең жоғары деңгейде орындағаннан кейін, оның нәтижесін Аллаға тапсыруы және нәтижесі қандай болса да разылық танытуы.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 11 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: