11:38
Риясыз рух

АДАМНЫҢ ӨЗІНЕ ДЕГЕН МАХАББАТ

Адамның өзіне деген махаббаты адамның өзін сақтап қалу мотивімен тығыз байланысты.

Құран адам табиғатына тән бұл сезім жайында сөз етеді. Адам табиғаты пайда келтіретін барлық нәрсеге ұмтылып, зиян тигізетін нәрсенің барлығынан қашатынын баяндайды. Мұны Пайғамбардың «егер ғайыпты білгенімде өзіме деген жақсылықты көбейтіп, жамандықты алыстатар едім» деген сөздері арқылы түсіндіреді.

«Егер ғайыпты білетін болсам, әрдайым мол табысқа кенеліп отырар едім  һәм басыма ешқандай жамандық та, бәле-жала да келмес еді» («Ағраф» сүресі, 188-аят).

Адамның нәпсі қалауларына ерік беріп, өзін өзгелерден жоғары санауы, рахат өмір сүруге болатын дүниеге деген махаббаты – адамдағы өзін жақсы көрудің белгісі. Құран адамның дүниеге деген ерекше махаббатын ашық баяндап:

«Оның мал-дүниеге деген құмарлығы өте күшті» («Адият» сүресі, 8-аят), - дейді.

Адамның өзіне деген махаббатының тағы бір көрінісі – өзіне жақсылықты, мал-дүниені, денсаулықты, жақсы өмірді тілеп, үнемі дұға етуі. Егер басына қандай да бір қиыншылық, бәле-жала немесе кедейлік тауқыметі келсе, бірден үмітсіздікке салынып шыға келеді. Құранда адамның бұл табиғи қыры да назардан тыс қалмайды.

«Адам баласы өз басына жақсылық тілеуден әсте жалықпайды. Ал қандай да бір қиындыққа душар бола қалса, бірден салы суға кетіп, үміті үзіледі» («Фуссилат» сүресі, 49-аят).

Адамдағы өзіне деген махаббат көрінісінің бірі – қиындыққа душар болса, дереу одан құтылудың жолдарын қарастырады. Үмітсіздікке салынып, өзіне берілге алдыңғы нығметтерді де жоққа шығарады. Ал егер байлыққа, мал-дүниеге кенелсе, қатты қуанып, одан айырылмаудың жолдарын қарастырады. Сондай-ақ, мұқтаждарға малының бір бөлігін беруден бас тартады. Құран бізге мына аяттар арқылы адамның осы табиғи қырын баян етеді:

«Расында, адам баласы шыдамсыз әрі (әр неге) құмар болып жаралған. Жамандыққа тап болса, налығыш келеді. Ал қандай да бір жақсылық дари қалса, сараңдығы ұстап қалады» («Мағариж» сүресі, 19-20-21-аяттар).

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 47 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: