10:38
Риясыз рух

АШУ-ЫЗА

Құран – Ислам дінінің таралуына кедергі болған құдайсыздарға қатысты «ашу» сөзін «қаттылық» сөзімен алмастыру арқылы баян етеді. Осы арқылы дін жолында және дағуаттың таралуы үшін адамда бой көтеретін мән мен мағынаға және мақсатқа негізделген мақтаулы ашуды ерекшелейді. Бұған қатысты Пайғамбар (с.а.с.) және онымен бірге болған мүміндер Құранда былай деп сипатталған: «Мұхаммед – Алланың елшісі. Онымен бірге болған мүміндер (күпірлікте табандаған қаскүнем) кәпірлерге тым қатал, ал өзара сондай мейірбан...» («Фатх» сүресі, 29-аят).

Асылында, ашуды қолданатын да кездер бар. Мәселен, отанға, елге, жерге, дінге, тілге, рухани және ұлттық құндылықтарға қол сұғылып, адамның ар-намысына, отбасына зұлымдық жасалған уақытта ашуға берілмей бейтарап қалу, Аристотель мен Ғазали айтқандай, ынжықтық және қорқақтық болып саналады. Сондықтан ашуды орнымен қолдану да мақтаулы сипат. Дегенмен адам өзіне және өзгеге зиян тигізіп алмау мақсатында, ашудың қолданылатын алаңдарын жақсы ажырата білгені жөн.

Жоғарыдағы аятта мұсылмандар тарапынан дінсіздерге қаталдық танытудың, яғни ашудың себебі, дінсіз адам сөзімен де, іс-әрекетімен де Ислам дініне дұшпандық қылып, адамдарды имандылықтан, діннен бездіруге тырысады. Сенімге селкеу түсіріп, жер бетінде бұзғыншылық пен азғындықтың жайылуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Міне, мұндай іс-әрекетке қарсы ашулану мақтаулы сипат. Алайда маңызы жоқ қандай да бір іске ашулану – мақтауға лайықты емес. Әзірет Али (р.а.( бұл қағиданы бізге мына сөзімен түсіндіреді: «Алла елшісі (с.а.с.) өзі үшін немесе маңызы жоқ дүниелік бір іске бола ашуға берілмейтін. Алайда ақиқат үшін немесе ашуды қажет ететін маңызды нәрсе болса, ашуланатын және мұндай кезде Оны (с.а.с.) танымай қалатынбыз. Ашулануы орынды болғаны себепті, ешқашан бұл мәселеде жеңіліп көрген емес».

Адам баласы ашуға берілген кезде өз мақсатына жетуге қолдан кедергілер жасайды. Соның ең үлкені – саналы ойлау қабілетінің күрт төмендеуі. Соның ең үлкені – саналы ойлау қабілетінің күрт төмендеуі. Мұндай кезде адам дұрыс ойлай алу қабілетін жоғалтады. Ақылының үштен екісі өз функциясын уақытша тоқтатады. Осылайша адам – хайуан деңгейіне бір саты жақындайды. Сондықтан дұрыс шешім қабылдай алмайды. Өзі де байқамастан, ашуы басылған кезде өкінетіндей орынсыз сөз бен іс-әрекетке барады. Алла Елшісі (с.а.с.( адамның осы әлсіздігін ескеріп, ашу қысқан кезде үкім шығармауды өсиет еткен. Әбу Бәкір (р.а.) Сижистанда қазы болып тағайындалған ұлы абдуллаға жазған хатында: «Ашу қысқан кезде екі адамның арасында үкім шығарма» деген.

Кейде бір адамның екінші бір адамға ашулануы себепті, ортада еш қатысы жоқ үшінші бір адам зиян шегуі мүмкін. Мәселен, бала әкесіне ренжіп ашуланса, әкесіне әлі жетпегені себепті, кеткен есесін қайтару мақсатында өшін өзінен кіші бауырынан алады.

Сонымен қатар, адам кейде басқаға ашуланғанымен, одан қаймыққандығы немесе жазасынан қорқуы себепті ол адамға деген ашуын білдірмейді. Шарасыздықтан іштей тынып, жау көреді немесе оңтайлы сәтті күтеді. Құранда мұндай тип адамдар ерекше сипатталады.

«Сендер (жүректерің таза, көңілдерің пәк болғандықтан) оларды (дос тұтып) жақсы көресіңдер, алайда олар сендерді жақсы көрмейді. Сондай-ақ, сендер иләһи кітаптардың барлығына кәміл сенесіңдер, олар болса, сендермен жолыққанда: «Иман келтірдік», - деп айтады. Ал өздері оңаша қалғанда, сендерге деген ыза-кектен бармағын шайнап, тісін қайрайды. Оларға: «Сол ыза-кектеріңе булығып өліңдер», - деп айт. Шүбәсіз, Алла көкіректердегі сырлардың бәрін біледі» («Әли Имран» сүресі, 119-аят).

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 17 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: