20:55 Риясыз рух | |||
ТҮПСАНА және БЕЙСАНА Адамдағы бейсана мүмкіндіктері өте үлкен. Ол – адам өмірі үшін маңызды болған ағзадағы қан айналымы мен тыныс алу және ас қорыту секілді барлық құрылымдарды басқарады. (Мұның бәрі адам ағзасында бейсаналы түрде жүзеге асуда). Түпсана – адамды белгілі бір іс-әрекетке бағыттауда жиі көмекке келеді. Интуиция, түс, әртүрлі сезімдер мен ішкі түйсік арқылы түпсана – адамға ең маңызды ойлар мен шешімдерге ишарат жасайды. Түпсананың осындай қабілеттерімен танысу арқылы адам кез келген жағдайдан ұтымды шыға білудің жолын үйренеді. Мұнымен қоса адам өмірінде орын алған әрбір оқиға және сол оқиғаға қатысты сезімдер мен ойлардың түпсанаға барып орнығатындығы мәлім болды. Адамның түпсанасы, қойнауына барлық дәнекті қабылдап алатын құнарлы топырақ болса, адамның ойы мен көзқарастары, сол топыраққа егілетін дәнек іспетті. «Не ексең, соны орасың» қағидасына сәйкес, адам да түпсанасына қандай ой ексе, соның жемісін көреді. Адлердің пікірінше, түпсана – адам психикасының маңызды қыры. Адамның іс-әрекеті мен қимыл-қозғалысындағы мақсаттың негізі – оның түпсанасында жатыр. Санадағы құбылыстар түпсананың көлеңкесі іспетті. Біз адамға баға берген уақытта оның саналы түрде атқарған іс-әрекеті мен айтқан чөздеріне ғана мән бермеуіміз қажет. Көп жағдайда адамның бізге оның шынайы мінезін анытауға мүмкіндік береді. Мәселен, тырнағын тістеп, мұрнын шұқи беретін адам осы қылығы арқылы өзінің қыныр мінезін байқатып қалады. Бірақ мұны өзі сезбеуі мүмкін. Сондай-ақ ол бұл әдетінің қайдан туындап жатқандығының да парқына бара бермейді. Тағы бір мысал келтіріп өтейік. Мәселен, атаққұмар адам көп жағдайда өзінің бұл кемшілігін байқай бермейді. Ол өзін көпшілікке нағыз кішіпейіл, қарапайым адам етіп көрсеткісі келеді. Дегенмен атаққұмар болу үшін, атаққұмар екеніңді білу де міндет емес. сонымен қатар, атаққұмар екенін білу адамның алға қойған мақсатына қарсы тепкі беруі мүмкін. Өйткені өзінің атаққұмар екенін білгеннен кейін кейбір адам, атаққұмар бола алмай қалады. Мұндағы барлық процесс көзден таса, жасырын жүріп жатыр. Егер сіз атаққұмар адамға барып, оның атаққұмарлығы жайында сөз айтсаңыз, әңгіме ұзаққа бармайды. Ол өзіне ауыр келетін тақырыптан қашуы мүмкін немесе арадағы әңгіме бос сөзге ұласып кетеді. Бұл біздің айтып отырған ойымызды қуаттай түседі. Яғни әлгі адамның атаққұмарлыққа қатысты әңгімеден қашу себебі, оның атаққұмарлыққа қатысты ойынды одан әрі жалғастыра беруді қалайтындығын көрсетеді. Сол себепті өзінің кішкентай ғана өтірігін әшкерелеуге әрекет жасаған адаммен әңгімені доғарып, бірден қорғанысқа көшеді. Франклдың пікірінше, адамның рухани сферасында түпсаналы рухани қасиет те бар. Оны рухани түйсік деп алайық. Ойға түсіп қорытылатын, танылатын барлық заттың тамыры мен қайнар бұлағы түпсанадағы рухани түйсікке барып тіреледі. Адам баласы кейде ішкі жан дүниесі қабыл етуді қаламайтын және өзінің қобалжуына түрткі болып, көңіл-күйін түсіретін сезімдерді бастан кешіреді. Сонымен қатар санасын мазалаған мұндай сезімдерден тез арада құтылуды қалайды және бойын аулақ ұстауға әрекет қылады. Өмірде өз болмысындағы физиологиялық, психологиялық және рухани мотивтерді қанағаттандырып, жан тыныштығын тапқысы келеді. Алайда қоғамдағы кейбір оқиғалар мен жағдаяттар, өмілік қажеттіліктер, өзге де адамдар, сондай-ақ батылсыздық, ынжықтық, қорқақтық секілді кейбір мінездер мен эмоциялар бұған мүмкіндік бермейді. Осылайша табиғи қанағат табуы қажет болған мотивтер өз дегеніне жете алмағандықтан, түпсана мотивіне ауысады. Нәтижесінде, қанағат таппаған сезімдер түпсанаға барып орнығады және белгілі бір уақытқа дейін сол жерде жасырын қалады. Асылында, түпсанада жасырынған мотив пен сезім немесе қандай да бір шешім жойылмайды және ұмытылмайды. Бір-бірімен біте қайнасып, өзара үйлесім таппаған күйі түпсанада жасырын қалады. Алайда уақыт өте келе адамның сөзі мен іс-әрекеті және қимыл-қозғалысы, сондай-ақ түр-келбетінің жағдаяттарға байланысты әртүрлі қалыпқа енуі нәтижесінде ортаға шығып, өзі жайында хабар беріп тұрады. Сол себепті З.Фрейд сынды психолог ғалымдар адамның түпсанасын айсбергтің су астындағы төменгі қабатына теңеген, өйткені айсбергтің төменгі жағы оның су бетіндегі жоғарғы жағынан әлдеқайда үлкен. Яғни Фрейдтің пікірінше, адам психикасы айсберг тәріздес және судан төбесі ғана көрінеді, ол – біздің санамыз. Бірақ негізгісі судың астында жатыр және ол түпсана болып табылады. Алайда бұған дейін айтып өткеніміздей, түпсанада жасырынған сезімдердер белгілі бір іс-қимыл мен сөз сөйлеу нәтижесінде, адамға сездірместен және оның хабарынсыз бейсаналы түрде ортаға шығады не болмаса көрініп қалады. (жалғасы бар) жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) Ақсу қаласының Абай атындағы №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| |||
|
Всего комментариев: 0 | |