20:54 Ойлау және сөйлеу | |
ОРАТОР БОЛЫП ҚАЛЫПТАСА МА, ТУА МА? Дәл осы сұрақ көпшілік арасында жиі талқыға түседі. Бірі ораторлық тума қасиет десе, енді бірі оны жүре қалыптасатын қабілет дейді. Негізі шешендік өнер қазақ халқының қанында бар. Ең алдымен «шешен» сөзінің мағынасына үңіліп көрейікші. Бұрын бұл өнер еді, ал қазір мамандыққа айналған сала болып тұр. Оны оқытып, үйретіп, шешендік өнерге баулитын мектептер мен орталықтар да көбейді. Шешен деп – сөз қисының тауып айтатын, от ауыз, орақ тілді, сөзуар, тапқыр, тілі жүйрік адамды атаймыз. Бұл арнайы оқып, тез меңгеріп кететін, диплом табысталатын мамандық емес. алайда әнші болу үшін де оны меңгеріп, даусын ашып, үлкен дайындықтан өтіп, жап-жақсы ән әлеміне қадам басып жатқандарды байқаймыз. Алладан берілген дарын болмаса оны қалыптастыру қиын дейді. Дегенмен еңбек етіп, елдің елеулісіне, халықтың қалаулысына айналып жатқан өнер иелері мен атақты тұлғалар да жетерлік. Сондықтан бірден тума қабілет болмаса, ол адам бойына дарымайды деп кесіп айту дұрыс емес. мейлінше адамның ынтасына мән беру қажет. Себебі 1% талант 99% еңбектің арқасында жарыққа шығады. Тума талант болса да, оны дамытып, ары қарай осы бағытта білімін шыңдап, қолға алмаса, ол да ұзаққа созылмайды. Алла берген әр қабілетті айшықтап, оны дамыта берген адам өзіндегі ерекшелікті үлкен кәсіпке, табыс көзіне айналдыра алады. Себебі Жаратушы әрқайсымызды әртүрлі талант, қабілет, қасиетпен жаратты. Қарапайым өмірдегі кез клеген заттың өзіндік атқаратын қызметі бар, ал адамның тіптен өзіндік функциялары көп. Өмірдегі басты миссияңызды, мамандық жолыңызды таңдап, оны шындай берсеңіз, сізден өте шебер, өз ісінің нағыз маманы болып шығу мүмкіндігі көп болады. Сол үшін «менің юойымда бұл қабілет жоқ, ол енді ешқашан болмайтын да шығар» деп үміт үзбеңіз. Қаласаңыз, бәрін үйренуге болады. Бастысы – ниет мықты болса, ары қарай жұмыс істеуге құлшынысыңыз да артса, алынбайтын қамал жоқ. Талпынған істің бәрі нәтижелі аяқталарына сеніңіз. Ораторлық қабілетті шындауға көп кеңес айтылды және оны қолданған адам шын мәнінде сөйлеу мәнерін, ой бөлісу әдебін, пікір алмасудағы ескеру керек ережелерін, бәрін де ұтымды қолдану арқылы шешендік өнердің белгілі бір бөлігін игеретініне сенеміз. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) Ақсу қаласының Абай атындағы №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |